HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide

Факс әрекеттері журналын және шот ұсыну коды туралы есепті тазалау
Факс жұмыстарын тіркеу журналы мен төлем коды туралы есеп бірдей дерекқорды
пайдаланады. Бұл параметр дерекқорды тазалайды, сондықтан жұмыстарды тіркеу журналын
да, төлем коды туралы есеп деректерін де тазалайды.
Факстар дерекқорын тазалау үшін келесі қадамдарды орындаңыз.
1. Басқару тақтасында Басқару белгішесін түртіп, «Факс» мәзірін көрсетіңіз.
2. Мәзірді ашу үшін жылжып, Ысырулар түймесін түртіңіз.
3. Факс жұмыстарын тіркеу журналын тазалау түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
4. Барлық жазбаларды тазалау үшін Иә түймесін түртіңіз немесе шығып, жазбаларды сақтау
үшін Жоқ түймесін түртіңіз.
Бұғатталған факстар тізімі туралы есепті басып шығару
1. «Басқару» мәзірін ашу үшін басқару тақтасында Басқару белгішесіне жылжып, оны
түртіңіз.
2. Ақпарат түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
3. Факс есептері түймесіне жылжып, оны түртіңіз
4. Есепті басып шығару үшін Құрсауланған факс тізімі түймесін түртіңіз.
Жылдам терулер тізімі туралы есепті басып шығару
Жылдам теру тізімі туралы есеп жылдам теру аттарына тағайындалған факс нөмірлерін тізеді.
1. «Басқару» мәзірін ашу үшін басқару тақтасында Басқару белгішесіне жылжып, оны
түртіңіз.
2. Ақпарат түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
3. Факс есептері түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
4. Есепті басып шығару үшін Жылдам теру тізімі түймесін түртіңіз.
Қызмет параметрлері
Бұл басқару тақтасы мәзірлеріндегі элементтер «Қате кодтары» бөліміндегі түзету әрекеті
сәтсіз болса, ақаулықтарды жоюда көмектесе алады. Олар сізге HP сервис өкілі көмектескенде
пайдалануға арналған.
«Бастапқы параметрлерді орнату» мәзіріндегі параметрлер
Басқару мәзірін ашыңыз да, Бастапқы параметрлерді орнату мәзірін таңдаңыз. Факс
параметрлерін орнату мәзірін ашыңыз.
60 Бап 2 HP Color LaserJet CM3530 MFP сериясы KKWW