HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide
V.34 факсы: Осы параметрде модемнің ақпаратты
тарату жылдамдығын басқаратын екі күй бар (қалыпты
және өшірулі). Қалыпты параметрі 33,600 бит/с
өлшеміне дейін қолдау көрсетілетін ақпаратты тарату
жылдамдығының кез келгенін (басқа модеммен
байланысу) таңдауға мүмкіндік береді. Өшірулі параметрі
ең көбі 14,400 бит/с өлшеміне дейінгі ақпаратты тарату
жылдамдығын орнатады. Бұл параметр өзгертілмейінше
орнатулы қалады.
Факс үндеткішінің режимі: Бұл қызметте екі күй бар:
қалыпты және диагностикалық. Қалыпты күйінде модем
үндеткіші бастапқы қосылым арқылы теру кезінде
қосылады және одан кейін өшіріледі. Диагностикалық
күйде үндеткіш қосылады және параметр қалыпты күйіне
қайтарылғанша, барлық факс байланыстары бойына
қосулы қалады.
Қалпына келтіру мәзіріндегі параметрлер
Әкімшілік мәзірін ашып, Қалпына келтіру мәзірін таңдаңыз.
Қалпына келтіру мәзірінің параметрлері Зауыттық телекоммуникация параметрлерін қалпына
келтіру: Бұл таңдау көптеген мәзірдегі өзгерістерді әдепкі
параметрлеріне қайта қалпына келтіреді. Бұл ең үлкен
тарату жылдамдығын, өшірулі кездегі қоңырау сигналы,
V.34, үндеткіш күйі және тарату сигналының жолауы
параметрлерін қамтиды.
Микробағдарламаны жаңартулар
Факс жабдығындағы микробағдарламаны жаңартуға болады. Факс микробағдарламасын
жаңарту бүкіл құрал микробағдарламасын жаңартудың бөлігі ретінде туындайды. Қосымша
ақпарат алу үшін құралдың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
62 Бап 2 HP Color LaserJet CM3530 MFP сериясы KKWW










