HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide
ЕСКЕРІМ: Басқару тақтасындағы факс параметрлерін орнату шеберін пайдаланып теңшелген
параметрлер енгізілген веб-серверде жасалған кез келген параметрлерді қайта анықтайды.
ЕСКЕРІМ: Егер Факс параметрлері мәзір параметрлері мәзір тізімінде көрсетілмесе, жергілікті
желі немесе интернет факсы қосулы болуы мүмкін. Жергілікті желі немесе интернет факсы
қосулы кезде, аналогтық факс жабдығы өшіріледі және факс мәзірі көрсетілмейді. Бір уақытта
тек бір факс мүмкіндігін қосуға болады, жергілікті факс, аналогтық факс немесе интернет
факсы. Факс мүмкіндігі үшін факс белгішесі көрсетіледі. Егер жергілікті факс қосулы кезде
аналогтық факсты пайдаланғыңыз келсе, HP MFP сандық жіберу бағдарламалық құралын
теңшеу қызметтік бағдарламасын немесе енгізілген веб-серверін пайдаланып жергілікті факсты
ажыратыңыз.
Күн мен уақытты орнату немесе тексеру
Факс жабдығының күн мен уақыт параметрінің мәні өнімнің күн мен уақыт параметрінің мәнімен
бірдей. Бұл ақпаратты факс параметрлерін орнату шеберін қолданып немесе осы қадамдарды
орындап енгізуге болады.
1. Басты экранда Басқару түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
Жалпы параметрлер
●
Күн/уақыт параметрлері
●
Күн/уақыт
3. Тіліңіз үшін дұрыс Уақыт белдеуі параметрін түртіңіз.
4. Ай ашылмалы мәзірін түртіп, айды таңдаңыз.
5. Пернетақтадан күн мен жылды енгізу үшін Күн ашылмалы мәзірінің жанындағы
жолақтарды түртіңіз.
6. Пернетақтадан сағатты және минутты енгізу үшін Уақыт үстіңгі деректемесінің астындағы
жолақтарды түртіңіз де, ТД немесе ТК түймесін түртіңіз.
7. Қажет болса, Жазғы уақытқа реттеу мүмкіндігін түртіңіз.
8. Параметрді сақтау үшін Сақтау түймесін түртіңіз.
Күн/уақыт пішімін орнату немесе тексеру
Факс жабдығының күн және уақыт пішімі өнімнің күн және уақыт параметрінің пішімімен бірдей.
Бұл ақпаратты факс параметрлерін орнату шеберін қолданып немесе осы қадамдарды
орындап енгізуге болады.
1. Басты экранда Басқару түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
84 Бап 3 HP Color LaserJet CM 4540 MFP сериясы, HP Color LaserJet Enterprise M4555 MFP
сериясы, HP LaserJet Enterprise 500 MFP сериясы, HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP
сериясы және HP LaserJet Enterprise M725 MFP сериясы
KKWW










