HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide

Қашықтан факсты теңшеу
Өнімнің басқару тақтасын пайдалануға қоса, әр түрлі бағдарламалық құралдарды пайдалана
отырып факс жабдығын қашықтан теңшеуге болады. Өнімде ендірілген веб-сервер (EWS) бар
болғандықтан, веб-шолғышты немесе HP Web Jetadmin (WJA) бағдарламасын пайдалана
отырып факс жабдығын интернет арқылы теңшеуге болады. Бұған қоса, желіге қосылған
компьютер арқылы, HP MFP сандық жіберу бағдарламалық құралын теңшеу қызметтік
бағдарламасын (DSS) пайдалана отырып желі арқылы факс жабдығын теңшеуге болады. Бұл
құралдар өнімнің факс мәзірінде қол жетімді факс жабдығын теңшеу параметрлерінің
көпшілігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
веб-шолғыш
Бұл өнімде ендірілген веб-сервер (EWS) бар. EWS аналогтық факс параметрлеріне қол
жеткізуге және оларды орнатуға мүмкіндік береді.
1. Шолғыштың URL мекенжай жолында өнімнің IP мекенжайын теріп, Enter пернесін басып,
EWS өнімді теңшеу экранын ашыңыз. Өнімнің IP мекенжайын алу үшін өнімнің теңшелім
бетін басып шығарыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер DSS пайдаланылып жатса, EWS ішінде DSS басқаратыны туралы хабар
көрсетіледі. Параметрлерді тек DSS арқылы өзгертуге болады.
2. Факс қойындысын нұқыңыз. Факс жіберу параметрлерін орнату экраны көрсетіледі.
3. Факс жіберу параметрлерін орнату экранында факсты қосу үшін «Факс жіберуді қосу»
пәрменін таңдаңыз. Жалпы тапсырма параметрлеріне және пайдаланып жатқан факсқа
тән параметрлерге кез келген өзгертулерді енгізіп, одан кейін параметрлерді қабылдау
үшін Қолдану түймесін басыңыз.
HP Web Jetadmin
HP Web Jetadmin бағдарламасын пайдалана отырып өнімнің аналогтық факс параметрлеріне
қол жеткізу үшін келесі қадамдарды орындаңыз. HP Web Jetadmin туралы толық ақпаратты
HP Web Jetadmin анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз.
1. HP Web Jetadmin бағдарламасын іске қосыңыз.
2. Бір қарағанда мәтін ұясында Құрылғыны тез табу мәтін ұясында өнімнің IP мекенжайын
теріңіз де, оң жақ аймақта құрылғының күйін көру үшін Өту түймесін басыңыз. Сол
аймақтағы күй ашылмалы мәзірінен Сандық жіберу және факс тармағын таңдаңыз.
3. Параметрлерді Фaкс параметрлері бөлімінде немесе Кеңейтілген факс параметрлері
бөлімінде теңшеңіз. Белгілі бір параметр туралы ақпарат алу үшін сол параметр
жанындағы мәтінмәндік анықтаманы таңдаңыз.
4. Параметрлерге өзгертулер енгізгеннен кейін сол параметрлерді сақтау үшін Қолдану
түймесін басыңыз.
Бір өнімді теңшеуге қоса, бірнеше құрылғыны да теңшеуге болады. Бірнеше құрылғы режимі
бірден бірнеше өнімді теңшейді. Бұл мүмкіндік туралы ақпаратты
www.hp.com/go/webjetadmin
86 Бап 3 HP Color LaserJet CM 4540 MFP сериясы, HP Color LaserJet Enterprise M4555 MFP
сериясы, HP LaserJet Enterprise 500 MFP сериясы, HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP
сериясы және HP LaserJet Enterprise M725 MFP сериясы
KKWW