HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide

бетінің Өзіндік көмек және құжаттама қойындысындағы Web Jetadmin пайдаланушы
нұсқаулығынан қараңыз.
HP MFP сандық жіберу бағдарламасын теңшеу утилитасы
DSS теңшеу қызметтік бағдарламасын пайдалана отырып аналогтық MFP факс параметрлеріне
кіру үшін келесі қадамдарды орындаңыз.
1. Негізгі экранды ашу үшін қызметтік бағдарламаны (компьютерде немесе серверде) іске
қосыңыз.
2. Өнімді таңдап, негізгі экранда MFP теңшеу түймесін басыңыз, содан кейін «Факсқа
жіберу» қойындысын нұқып, «Факс параметрлері» экранын ашыңыз.
3. Өнімдегі факс мүмкіндіктерін қосу үшін Факс жіберуді қосу параметрін таңдаңыз.
Аналогтық факс параметрлеріне кіру үшін Факс жіберу әдісі ашылмалы тізімінен Ішкі
модем тармағын таңдаңыз. Жалпы тапсырма параметрлері қойындысында параметрлерге
кез келген өзгертулерді енгізіп, параметрлерді қабылдау үшін Қолдану түймесін басыңыз.
Қосымша факс параметрлерін орнату үшін Iшкі модем қойындысын таңдаңыз.
Бір өнімді теңшеуге қоса, бірнеше құрылғыны да теңшеуге болады. HP MFP сандық жіберу
бағдарламалық құралын теңшеу қызметтік бағдарламасы туралы қосымша ақпаратты HP MFP
сандық жіберу бағдарламалық құралының пайдаланушы нұсқаулығынан немесе HP MFP
сандық жіберу бағдарламалық құралының қолдау нұсқаулығынан қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Факс әдісінің мүмкіндіктері мен параметрлеріне байланысты, бұл параметрлердің
кейбіреулері қол жетімді болмауы немесе теңшеу мүмкін болмауы мүмкін.
KKWW
Қашықтан факсты теңшеу
87