HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide

4. Settings (Параметрлер) мәзірінен түс, өлшем және ажыратымдылық опцияларын таңдау үшін,
Settings (Параметрлер) немесе (Setup (Орнату)) түймесін түртіңіз.
5. Scan to USB (USB құрылғысына сканерлеу) мәзіріне қайтару үшін Hide Settings (Параметрлерді
жасыру) немесе (Back (Артқа)) түймесін түртіңіз және Save As (Басқаша сақтау) тізімінен файл
түрін таңдаңыз
.
6. Filename (Файл аты) параметрін таңдаңыз және одан кейін сканерленген файлға атауды
тағайындау үшін пернетақтаны пайдаланыңыз. Дайын түймесін түртіңіз.
7. Save (Сақтау) түймесін түртіңіз.
Компьютерге сканерлеу
Компьютерге сканерлемес бұрын HP принтерінің ұсынылған бағдарламалық құралы
орнатылғандығын тексеріңіз. Принтер мен компьютер жалғанған және қосулы болуы қажет.
Қосымша, Windows компьютерлерінде сканерлемес бұрын бағдарламалық құралды іске қосу қажет.
ЕСКЕРТПЕ: Құжаттарды өңделетін мәтінге сканерлеу үшін HP принтерінің бағдарламалық құралын
пайдалануға болады. Қосымша ақпарат алу үшін Құжаттарды өңделетін мәтін ретінде сканерлеу
бөлімін қараңыз.
Компьютерге сканерлеу мүмкіндігін орнату
Басқару тақтасынан компьютерге сканерлеу
Компьютерге сканерлеу мүмкіндігін орнату
Компьютерге сканерлеу мүмкіндігі зауыттық параметрде қосылады. Мүмкіндік өшірулі болса және
оны қайта қосу қажет болса, осы нұсқауларды орындаңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қауіпсіздік мақсаттары үшін қашықтан сканерлеу әдепкі бойынша
ажыратылған. Бұл мүмкіндікті қосу үшін, ендірілген веб-серверде Settings (Параметрлер)
қойындысын ашып, Administrator Settings (Әкімші параметрлері) түймесін түртіп, Scan from a
Computer or Mobile Deviceомпьютерден немесе мобильді құрылғыдан сканерлеу) параметрінің
жанындағы Enable (Қосу) құсбелгісін қойып, Apply (Қолдану) түймесін басыңыз.
Бұл мүмкіндік қосылған кезде принтерге рұқсаты бар әрбір адам кез келген нәрсені сканер әйнегінде
сканерлей алады.
Компьютерге сканерлеуді орнату (Windows)
1. HP принтері көмекшісін ашу. Қосымша ақпарат алу үшін HP принтері көмекшісін ашу бөлімін
қараңыз.
2. Scan (Сканерлеу) бөліміне өтіңіз.
3. Компьютерге сканерлеуді басқару параметрін таңдаңыз.
4. Қосу түймесін басыңыз.
Компьютерге сканерлеуді орнату (OS X)
1. HP Utility (НР утилитасын) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP қызметтік бағдарламасын
ашыңыз бөлімін қараңыз.
2. Компьютерге сканерлеу параметрін таңдаңыз.
3. Компьютерге сканерлеуді қосу параметрін таңдаңыз.
84 7-тарау Көшіру және сканерлеу KKWW