HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide

Басқару тақтасынан компьютерге сканерлеу
1. Түпнұсқаның басып шығарылатын бетін сканердің әйнегіне төмен қаратып немесе құжатты
автоматты беру құрылғысына жоғары қаратып салыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Сканерге салу немесе Құжат беру құрылғысына салу бөлімін қараңыз.
2. Басқару тақтасында Scan (Сканерлеу) белгішесін түртіңіз.
3. Дисплейде Computerомпьютер) белгішесін түртіңіз.
4. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:
203 мм (8 дюйм) басқару тақтасында: Сканерленетін компьютер таңдалған соң, Scan Shortcut
аңбашаны сканерлеу) түймесін түртіп, сканерлеу опциясын таңдаңыз да, Send (Жіберу)
белгішесін түртіңіз.
109 мм (4,3 дюйм) басқару тақтасында: Сканерленетін компьютер мен сканер түрі таңдалған
соң, көрсетілетін диалогтық терезеде Start Scan (Сканерлеуді бастау) түймесін түртіңіз.
Электрондық поштаға сканерлеу
Scan-to-Email App - фотосуреттерді немесе құжаттарды HP принтерінен тікелей сканерлеуге және
көрсетілген алушыларға электрондық хабармен жіберуге мүмкіндік беретін бағдарлама. Электрондық
пошта мекенжайын орнатуыңызға, тіркелгілеріңізге берілген PIN кодтармен кіріп, құжаттарыңызды
сканерлеуге және электрондық хабар жіберуіңізге болады.
Электрондық поштаға сканерлеу мүмкіндігін орнату
Құжатты немесе фотосуретті электрондық поштаға сканерлеу
Тіркелгі параметрлерін өзгерту үшін
Электрондық поштаға сканерлеу мүмкіндігін орнату
1. Енгізілген веб-серверді (EWS) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Ендірілген веб-серверді (ЕВС)
ашу бөлімін қараңыз.
2. Scan (Сканерлеу) қойындысында Scan to Emailлектрондық поштаға сканерлеу) түймесін басып,
Settings (Параметрлер) тармағын таңдаңыз.
3. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Егер ұйым барлық электрондық пошталары үшін бір электрондық пошта серверін
пайдаланса: Outgoing Email Settings (Шығыс электрондық пошта параметрлері) бөлімінде
электрондық пошта мекенжайларын және SMTP сервер ақпаратын орнатыңыз.
Егер ұйым барлық электрондық пошталары үшін бірнеше электрондық пошта серверін
пайдаланса: Outgoing Email Proles (Шығыс электрондық пошта профильдері) бөлімінде
электрондық пошта мекенжайларын, атауларын және әрбір электрондық пошта профиліне
арналған қауіпсіздік PIN кодтарын орнатыңыз.
4. Address Book (Мекенжайлар кітабы) тармағының астында Contactsонтактілер) түймесін түртіп,
контактілерді орнатыңыз.
5. Scan to Emailлектрондық поштаға сканерлеу) бөлімінің астында Email Optionsлектрондық
пошта опциялары) тармағын басып, принтерден жіберіген электрондық хабардың сканерлеу
және файл параметрлерін конфигурациялаңыз.
6. Apply (Қолдану) түймесін басыңыз.
KKWW Scan (Сканерлеу) 85