HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide
3. (Add (Қосу)) түймесін түртіп, Type (Түрі) параметрі үшін Scan to SharePoint (SharePoint желісіне
сканерлеу) тармағын таңдаңыз да, SharePoint орнына арналған Жылдам орнату профайлын қосу
мақсатында экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Аяқталғанда, Келесі түймесін басыңыз.
4. Осы бетте SharePoint орнын, түнпұсқалықты орнату талаптарын, сканерлеу және файл
конфигурацияларын орнатуға арналған экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Аяқталғанда, Apply
(Қолдану) түймесін басыңыз.
SharePoint сайтына сканерлеу
1. Түпнұсқаның басып шығарылатын бетін сканердің әйнегіне төмен қаратып немесе құжатты
автоматты беру құрылғысына жоғары қаратып салыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Сканерге салу немесе Құжат беру құрылғысына салу бөлімін қараңыз.
2. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:
●
203 мм (8 дюйм) басқару тақтасында: Scan (Сканерлеу) белгішесін, SharePoint белгішесін
түртіп, SharePoint қалтасына шолу жасаңыз.
●
109 мм (4,3 мм) басқару тақтасында: Quick Sets (Жылдам орнатулар) белгішесін түртіп, одан
кейін SharePoint орнына арналған Жылдам орнату профайлын таңдаңыз.
3. Сұралса, PIN кодын енгізіңіз.
4. Save As (Басқаша сақтау), File Name (Файл атауы) өрістеріндегі мәліметтерді тексеріңіз немесе
өзгертіңіз.
5. Алдын ала қарау аймағын, одан кейін Send (Жіберу) түртіңіз.
HP сканерлеу бағдарламалық құралын пайдаланып сканерлеу
Құжаттарды өңделетін мәтінге, ізделетін, көшірілетін, қойылатын және сканерленетін құжатта
өңделетін пішімге сканерлеу үшін НР бағдарламалық құралын қолданыңыз. Хаттарды, газет
қиындыларын және көптеген басқа құжаттарды өңдеу үшін осы пішімді қолданыңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін Құжаттарды өңделетін мәтін ретінде сканерлеу бөлімін қараңыз.
Амалдық жүйе үшін нұсқауларды орындаңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қауіпсіздік мақсаттары үшін қашықтан сканерлеу әдепкі бойынша
ажыратылған. Бұл мүмкіндікті қосу үшін, ендірілген веб-серверде Settings (Параметрлер)
қойындысын ашып, Administrator Settings (Әкімші параметрлері) түймесін түртіп, Scan from a
Computer or Mobile Device (Компьютерден немесе мобильді құрылғыдан сканерлеу) параметрінің
жанындағы Enable (Қосу) құсбелгісін қойып, Apply (Қолдану) түймесін басыңыз.
Бұл мүмкіндік қосылған кезде принтерге рұқсаты бар әрбір адам кез келген нәрсені сканер әйнегінде
сканерлей алады.
ЕСКЕРТПЕ: HP сканерлеу бағдарламалық құралы да HP принтер көмекшісіндегі Scan (Сканерлеу)
қойындысында қолжетімді.
●
HP сканерлеу бағдарламалық құралын пайдаланып сканерлеу (Windows)
●
HP сканерлеу бағдарламалық құралын пайдаланып сканерлеу (OS X)
88 7-тарау Көшіру және сканерлеу KKWW










