HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide

Scanner (Сканер) сияқты пәрмен болатын болса, TWAIN стандартымен үйлесімді болып табылады.
Бағдарламаның үйлесімділігі туралы сенімді болмасаңыз немесе қандай пәрмен шақырылатынын
білмесеңіз, бағдарламалық құрал бағдарламасының анықтамасын немесе құжатты қараңыз.
TWAIN стандартымен үйлесімді бағдарламасында сканерлеуді бастаңыз. Пәрмендер туралы
мәліметтерді және қолданылатын қадамдарды бағдарламалық құрал анықтамасынан немесе
құжаттан қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: TWAIN стандартымен үйлесімді бағдарламасынан сканерлеген кезде, HP Scan
бағдарламалық құралының автоматты түрде басталуы мүмкін. HP Scan бағдарламасы басталса,
суретті алдын ала қараған кезде өзгертулер енгізуге болады. Бағдарлама автоматты түрде
басталмайтын болса, сурет дереу TWAIN стандартымен үйлесімді бағдарламасына өтеді.
TWAIN үйлесімді бағдарламасынан сканерлеу
WIA суретті бағдарламалық құрал бағдарламасына тікелей сканерлеудің басқа жолы болып
табылады. WIA сканерлеу үшін HP Scan бағдарламалық құралының орнына Microsoft бағдарламалық
құралын пайдаланады.
Негізінен, бағдарламалық құрал Енгізу немесе Файл мәзіріндегі Picture/From Scanner or Camera
(Сканердің немесе камераның суреті) сияқты пәрмен болған жағдайда WIA стандартымен үйлесімді
болып табылады. Бағдарламаның WIA стандартымен үйлесімді болуына сенімсіз болсаңыз
бағдарламалық құрал анықтамасын немесе құжаттамасын қараңыз.
Келесі параметрлердің бірін орындау үшін сканерлеңіз:
WIA стандартымен үйлесімді бағдарламада сканерлеуді бастаңыз. Пәрмендер туралы
мәліметтерді және қолданылатын қадамдарды бағдарламалық құрал анықтамасынан
немесе құжаттан қараңыз.
Windows Vista or XP (Windows Vista немесе XP): Басқару тақтасында Hardware and Sound
(Аппараттық құрал және дыбыс) қалтасын, одан кейін Cameras and Scannerамералар мен
сканер) қалтасын ашып, өнім белгішесін екі рет нұқыңыз. Бұл файлға сканерлеуге мүмкіндік
беретін стандартты Microsoft WIA шеберін ашады.
Windows 7, 8, 8.1, or 10 (Windows 7, 8, 8.1 немесе 10): Басқару тақтасында Devices and
Printers (Құрылғылар мен принтерлер) қалтасын ашып, өнім белгішесін екі рет нұқыңыз. Бұл
файлға сканерлеуге мүмкіндік беретін стандартты Microsoft WIA шеберін ашады.
Веб-сканерлеу көмегімен сканерлеу
Интернетте сканерлеу веб-браузер арқылы компьютерге принтерден фотосуреттерді және
құжаттарды сканерлеуге мүмкіндік беретін НР ендірілген веб-серверінің (EWS) мүмкіндігі болып
табылады.
Бұл мүмкіндік компьютерде принтер бағдарламалық құралын орнатпағанда да қол жетімді болады.
ЕСКЕРТПЕ:
Әдепкіше интернетте сканерлеу мүмкіндігі өшірулі болады. Осы мүмкіндікті енгізілген веб-
серверден қосуға болады.
EWS серверіндегі Интернетте сканерлеуді ашу мүмкін болмаса, желі әкімшісі оны ажыратқан
болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін желі әкімшісімен немесе желі орнатқан маманмен
байланысыңыз.
90 7-тарау Көшіру және сканерлеу KKWW