HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide
5. Барлық беттер сканерленген соң, Файл мәзірінен Сақтау параметрін таңдаңыз. Сақтау диалогтық
терезесі жолағы шығады.
6. Өңделетін мәтіннің түрін таңдаңыз:
Мен қалаймын... Осы қадамдарды орындау
Түпнұсқаны пішімдеусіз, тек мәтінді шығарып алыңыз. Формат (Пішім) қалқымалы мәзірінен TXT параметрін
таңдаңыз.
Түпнұсқаның кейбірін пішімдеу арқылы мәтінді шығарып
алыңыз.
Формат (Пішім) қалқымалы мәзірінен RTF параметрін
таңдаңыз.
Мәтінді шығарып алып, оны PDF оқу құралында іздеуге
болатын етіп жасаңыз.
Формат (Пішім) қалқымалы мәзірінен Searchable PDF
(Іздеуге жарамды PDF) параметрін таңдаңыз.
7. Сохранить (Сақтау) түймешігін басыңыз.
Сәтті көшіру және сканерлеу туралы кеңестер
Сәтті көшіру және сканерлеу үшін келесі кеңестерді пайдаланыңыз:
●
Әйнек пен қақпақтың артын таза ұстаңыз. Сканер кез келген дақты немесе белгіні сканерленетін
кескіннің бөлігі ретінде таниды.
●
Түпнұсқаны әйнектің артқы сол жақ бұрышына төмен қаратып жүктеңіз.
●
Шағын түпнұсқаның үлкен көшірмесін жасау үшін түпнұсқаны компьютерге сканерлеңіз,
сканерлеу бағдарламасындағы кескін өлшемін өзгертіңіз, содан кейін үлкейтілген кескіннің
көшірмесін басып шығарыңыз.
●
Егер сканерлеу өлшемі, шығару түрі, сканерлеу ажыратымдылығы немесе файл түрі, т.б.
параметрлерді реттегіңіз келсе, сканерлеуді принтердің бағдарламалық құралынан бастаңыз.
●
Дұрыс емес немесе жоқ сканерленген мәтінді болдырмау үшін бағдарламада жарықтық тиісті
түрде орнатылғанын тексеріңіз.
●
Бірнеше беттен тұратын құжатты бірнеше файлдың орнына бір файлға сканерлеу үшін, басқару
тақтасы дисплейінен Scan (Сканерлеу) параметрін таңдаудың орнына принтер бағдарламалық
құралымен сканерлеуді бастаңыз.
KKWW Сәтті көшіру және сканерлеу туралы кеңестер 93










