HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide

Факс параметрлерін басқару тақтасынан конфигурациялау
Құрылғының факс параметрлерін басқару тақтасынан немесе НР енгізілген веб-серверінен теңшеуге
болады.
Америка Құрама Штаттарында және көптеген басқа елдерде/аймақтарда уақытты, күнді және басқа
факс тақырыбын орнату ақпараты заңды талап болып табылады.
ЕСКЕРТПЕ: Мәтінді енгізу немесе бір рет түрту пернесі немесе телефон кітабы жазбасы үшін атауды
енгізу мақсатында басқару тақтасын пайдаланған кезде, арнайы таңбаларды қамтитын пернетақтаны
ашу үшін 123 түймесін түртіңіз.
1. Басқару тақтасының құралдарын ашыңыз (кез келген экранның жоғарғы жағындағы құралдар
қойындысын сырғытыңыз немесе басты экранның жоғарғы жағындағы жолақты түртіңіз).
2. Басқару тақтасының құралдарында (Setup (Орнату)) түймесін түртіңіз.
3. Параметрлер түймесін түртіңіз.
4. Уақыт пен күнді орнату үшін, Date and Timeүн мен уақыт) параметрін түртіп, келесі әрекетті
орындаңыз:
12 сағаттық сағатты немесе 24 сағаттық сағатты таңдаңыз. Одан кейін ағымдағы уақытты
енгізу үшін пернетақтаны қолданып, Дайын түймесін түртіңіз.
Күн пішімін таңдаңыз. Одан кейін ағымдағы күнді енгізу үшін пернетақтаны қолданып,
Дайын түймесін түртіңіз.
5. Реттеу мәзіріне оралғанша, (Back) (Артқа) түймесін түртіңіз.
6. Қағаздың әдепкі өлшемін орнату үшін мынаны қараңыз:
а. Paper Setup (Қағазды орнату) түймесін түртіңіз.
ә. Қолданылатын науаны түртіп, Paper Size (Қағаз өлшемі) тармағын, одан кейін әдепкі ретінде
қалаған өлшемді таңдаңыз.
7. Реттеу мәзіріне оралғанша, (Back) (Артқа) түймесін түртіңіз.
8. Fax Setup (Факсты орнату) түймесін, одан кейін Preferencesасымдықтар) параметрін таңдаңыз.
9. Авто жауап беру түймесін түртіп, оны қосыңыз.
10. Fax Header (Факс тақырыбы) түймесін түртіп, мынаны орындаңыз:
а. Компания атауын немесе басқа анықтау мәліметтерін енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып,
(ең көбі 25 таңба), Дайын түймесін басыңыз.
ә. Сұралғанда атауын және факс нөмірін енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып, (ең көбі 20
таңба), Дайын түймесін түртіңіз.
HP сандық факсты орнату шеберін қолданып факс параметрлерін конфигурациялау
Бағдарламалық құралды орнатқан кезде бір уақытта факсты орнату процесін аяқтамасаңыз, оны HP
сандық факсты орнату шеберін қолданып кез келген уақытта аяқтауға болады.
KKWW Факсты орнату 95