HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide

Егер Штамптау опциясы қосылған болса, автоматты түрде кішірейту функциясын қосуды да
қалауыңыз мүмкін. Бұл кіруші факстардың өлшемін аз ғана кішірейтеді және штампты екі бетке
салуды болдырмайды.
ЕСКЕРТПЕ: Әдепкі қағаз өлшемі параметрі науадағы қағаздың өлшеміне сәйкес келетінін тексеріңіз.
1. Басқару тақтасының құралдарын ашыңыз (кез келген экранның жоғарғы жағындағы құралдар
қойындысын сырғытыңыз немесе басты экранның жоғарғы жағындағы жолақты түртіңіз).
2. Басқару тақтасының құралдарында (Setup (Орнату)) түймесін түртіңіз.
3. Fax Setup (Факсты орнату) түймесін, одан кейін Preferencesасымдықтар) параметрін таңдаңыз.
4. Automatic Reduction (Автоматты кішірейту) түймесін түртіп, оны қосыңыз.
Факс дыбысы деңгейін орнату
Факстың дыбыс деңгейін басқару панелінен басқарыңыз.
Штамппен қабылданған факстарды орнату
Өнім әрбір қабылданған факстың жоғарғы жағында жіберушіні айқындау мәліметтерін басып
шығарады. Факс қабылданған күн мен уақытты растау үшін өз тақырып мәліметтеріңізбен кіріс
факсын штамптауға болады. Штамппен қабылданған факстарға арналған зауыттық әдепкі орнату
өшірулі болады.
ЕСКЕРТПЕ:
Бұл опция тек өнім басып шығаратын қабылданған факстарға ғана қолданылады.
Штамппен қабылданған параметрді қосу бет өлшемін арттыруы мүмкін және өнімнің екінші бетті
басып шығаруын туғызуы мүмкін.
1. Басқару тақтасының құралдарын ашыңыз (кез келген экранның жоғарғы жағындағы құралдар
қойындысын сырғытыңыз немесе басты экранның жоғарғы жағындағы жолақты түртіңіз).
2. Басқару тақтасының құралдарында (Setup (Орнату)) түймесін түртіңіз.
3. Fax Setup (Факсты орнату) түймесін, одан кейін Preferencesасымдықтар) параметрін таңдаңыз.
4. Stamping (Штамптау) түймесін түртіп, оны қосыңыз немесе өшіріңіз.
Факс жіберу
Факсты басқару тақтасынан жіберу
Телефон кітабы жазбаларын пайдалану
Қалыпты факсты компьютерден жіберу
Факсты бағдарламалық құралдан жіберу
Мониторда теруді қолдану арқылы факс жіберу
Принтер жадын пайдалану арқылы факс жіберіңіз
106 8-тарау Факс KKWW