HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide

ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге осы әдіс арқылы жіберілген факстар Интернет қосылымын немесе
компьютер модемін қолданбай, принтердің факс қосылымын қолданады. Сондықтан,
принтердің жұмыс істейтін телефон желісіне қосылғандығын, сондай-ақ, факс қызметінің
орнатылғанын және дұрыс жұмыс істейтіндігін тексеріңіз.
Осы мүмкіндікті қолдану үшін www.support.hp.com сайтынан орнату бағдарламасын қолданып
принтердің бағдарламалық құралын орнату қажет.
Қалыпты факсті компьютер арқылы жіберу (Windows)
Қалыпты факсті компьютер арқылы жіберу (OS X)
Қалыпты факсті компьютер арқылы жіберу (Windows)
1. Факс жіберілетін компьютердегі құжатты ашыңыз.
2. Бағдарламадағы Fileайл) мәзірінен Print (Басып шығару) пәрменін таңдаңыз.
3. Названиеты) тізімінен атауында «факс» делінген принтерді таңдаңыз.
4. Параметрлерді (мысалы, бағдар, беттердің реті, әр парақтағы беттер) өзгерту үшін Сипаттар
диалогтық терезесін ашатын түймені немесе сілтемені басыңыз.
Бағдарламалық құралға байланысты бұл сілтеме немесе түйме Сипаттар , Options (Параметрлер),
Printer Setup (Принтерді орнату), Printer Properties (Принтер сипаттары), Printer (Принтер) немесе
Set Preferences (Басымдықтарды орнату) деп аталуы мүмкін.
5. Параметрлердің кез келгенін өзгерткен соң, OK түймесін басыңыз.
6. Басып шығару немесе OK түймесін басыңыз.
7. Мынаны орындаңыз:
а. Алушы үшін факс нөмірі мен басқа ақпаратты енгізіңіз.
ә. Факсқа арналған басқа да кез келген параметрлерді өзгертіңіз (мысалы, құжатты қара
немесе түрлі-түсті факс ретінде жіберуді таңдау).
б. Send Fax (Факсты жіберу) түймесін түртіңіз.
Принтер факс нөмірін теруді және құжатты факс арқылы жіберуді бастайды.
Қалыпты факсті компьютер арқылы жіберу (OS X)
1. Факс жіберілетін компьютердегі құжатты ашыңыз.
2. Бағдарламадағы Fileайл) мәзірінен Print (Басып шығару) пәрменін таңдаңыз.
3. Атауында «(Факс)» делінген принтерді таңдаңыз.
4. Қалқымалы мәзірден Fax Information (Факс туралы ақпарат) параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қалқымалы мәзір көрінбейтін болса, Printer selection (Принтерді таңдау)
параметрінің жанындағы анықтау үшбұрышын таңдаңыз.
5. Берілген жолақтарға факс нөмірі мен басқа ақпаратты енгізіңіз.
КЕҢЕС: Түсті факсті жіберу үшін қалқымалы мәзірде Fax Options (Факс опциялары) тармағын
таңдаңыз, содан кейін Colorүс) опциясын таңдаңыз.
6. Басқа қалаған факс параметрлерін таңдап, факс нөмірін теріп, құжатты факспен жіберуді бастау
үшін Факс түймешігін басыңыз.
108 8-тарау Факс KKWW