HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide

4. Түрлі-түсті факс үшін Settings (Параметрлер) және одан кейін Color/Blackүрлі-түсті/Қара) және
Send Fax as Color (Факсті түрлі-түсті ретінде жіберу) тармақтарын таңдаңыз.
5. Send (Жіберу) түймесін түртіңіз.
6. Теру дыбыстық сигналын естігенде, принтердің басқару панеліндегі пернетақтаны қолдану
арқылы нөмірді енгізіңіз.
7. Туындауы мүмкін кез келген ескертулерді орындаңыз.
КЕҢЕС: Факс жіберу үшін телефон картасын пайдаланып жатсаңыз және телефон картасының
PIN кодын телефон кітапшасының контактісі ретінде сақтаған болсаңыз, PIN кодты енгізу
сұралғанда, PIN коды сақталған телефон кітапшасының контактісін таңдау үшін (Phone Book
елефон кітапшасы)) түймесін түртіңіз.
Факс құрылғысының жауаптарын алған кезде факс жіберіледі.
Принтер жадын пайдалану арқылы факс жіберіңіз
Сканерлеу және факс әдісінде қосу
1. Басқару тақтасының құралдарын ашыңыз (кез келген экранның жоғарғы жағындағы құралдар
қойындысын сырғытыңыз немесе басты экранның жоғарғы жағындағы жолақты түртіңіз).
2. Басқару тақтасының құралдарында (Setup (Орнату)) түймесін түртіңіз.
3. Fax Setup (Факсты орнату) түймесін, одан кейін Preferencesасымдықтар) параметрін таңдаңыз.
4. Оны қосу үшін Scan and Fax Method (Сканерлеу және факс жіберу әдісі) түймесін түртіңіз.
Принтер жадын пайдалану арқылы факсті жіберу
1. Сканерлеу және факс жіберу әдісі қосулы екендігін тексеріңіз.
2. Түпнұсқаның басып шығарылатын бетін сканердің әйнегіне төмен қаратып немесе құжатты
автоматты беру құрылғысына жоғары қаратып салыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Сканерге салу немесе Құжат беру құрылғысына салу бөлімін қараңыз.
3. Басқару тақтасында Fax (Факс) белгішесін түртіңіз.
4. Дисплейде Send Now (Қазір жіберу) белгішесін түртіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Факс нөмірін теру үшін пернетақтаны қолданыңыз немесе оны телефон кітапшасынан таңдаңыз.
6. Түрлі-түсті факс үшін Settings (Параметрлер) және одан кейін Color/Blackүрлі-түсті/Қара) және
Send Fax as Color (Факсті түрлі-түсті ретінде жіберу) тармақтарын таңдаңыз.
7. Send (Жіберу) түймесін түртіңіз.
Принтер түпнұсқаларды жадқа сканерлейді және қабылданатын факс құрылғысы қол жетімді
болған кезде факс жіберіледі.
Факс қабылдау
Факсты қолмен қабылдау
Факс жады
110 8-тарау Факс KKWW