HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide
Телефон кітабы жазбаларын жою
1. Басқару тақтасында Fax (Факс) белгішесін түртіңіз.
2. Дисплейде Phone Book (Телефон кітабы) белгішесін, Local Phone Book (Жергілікті телефон кітабы)
белгішесін түртіңіз.
3. (Contact (Контакт)) түймесін, одан кейін Delete (Жою) және Yes (Иә) түймесін түртіңіз.
Есептерді қолдану
Принтерді әрбір жіберілетін және қабылдап алынатын факс үшін қате есептерін және растау есептерін
басып шығаратын етіп орнатуға болады. Талап етілгенде жүйенің есептерін қолмен басып шығаруға
да болады; Бұл есептер принтер туралы пайдалы жүйе мәліметтерін береді.
Әдепкі бойынша принтер факсты жіберу немесе қабылдап алу кезінде ақаулық болғанда ғана есепті
басып шығаратын етіп орнатылады. Факстың сәтті жіберілгенін анықтайтын растау хабары әрбір
таратудан кейін басқару тақтасының дисплейінде аз уақытқа көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ:
●
Есептер түсініксіз болса, басқару тақтасынан немесе НР бағдарламалық құралынан анықталған
картридж деңгейлерін тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Анықталған картридж деңгейлерін
тексеру бөлімін қараңыз.
●
Картридж деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана
бағалауларды береді. Картридж деңгейінің төмендігі туралы ескертуді алған кезде ықтимал
басып шығару кідірістерін болдырмау үшін қосымша картридж болған жөн. Орындау
сұралмайынша картридждерді ауыстырудың керегі жоқ.
●
Картридждардың жақсы жағдайда болуын және дұрыс орнатылуын қамтамасыз етіңіз.
Осы бөлімде төмендегідей тақырыптар бар:
●
Факсты растау есептерін басып шығару
●
Факстың қате есептерін басып шығару
●
Факс журналын басып шығару және қарап шығу
●
Факс журналын тазалау
●
Соңғы факсты таратудың толық деректерін басып шығару
●
Қоңырау шалушы ID нөмірінің есебін басып шығару
●
Қоңыраулар журналын қарап шығу
Факсты растау есептерін басып шығару
Факс жіберілген, қабылданған және екі әрекет де орындалған кезде, растау есебін басып шығаруға
болады. Әдепкі параметр - On (Fax Send) (Қосулы (Факс жіберілгенде)). Өшірулі кезде растау хабары
басқару тақтасында факс жіберілгеннен немесе қабылданғаннан кейін аз уақытқа көрінеді.
Факсты растауды қосу
1. Басқару тақтасында Fax (Факс) белгішесін түртіңіз.
2. Дисплейде Fax Setup (Факсты орнату) белгішесін түртіңіз.
3. Есептер түймесін түртіп, Fax Conrmation (Факсты растау) тармағын таңдаңыз.
KKWW Есептерді қолдану 113










