HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide

Өнімнің қуатқа қосылғанын тексеру
1. Егер қуат түймесі жанып тұрмаса, принтерді қосу үшін осы түймені басыңыз.
2. Қуат түймесі жұмыс істемейтін болып көрінсе, қуат кабелінің өнімге және электрлік немесе
айнымалы қуат розеткасына қосылғанын тексеріңіз.
3. Өнім әлі зарядталып болмаса, қуат кабелін басқа электрлік немесе айнымалы ток розеткасына
қосу арқылы қуат көзін тексеріңіз.
Басқару тақтасындағы қате хабарларды тексеру
Басқару тақтасы дайын күйін көрсету керек. Қате хабары көрсетілетін болса, қатені түзетіңіз.
Басып шығару қызметін тексеру
1. Басқару тақтасының құралдарын ашыңыз (кез келген экранның жоғарғы жағындағы құралдар
қойындысын сырғытыңыз немесе басты экранның жоғарғы жағындағы жолақты түртіңіз).
2. Басқару тақтасының құралдарында (Setup (Орнату)) түймесін түртіңіз.
3. Есептер түймесін түртіп, сынақ бетін басып шығару үшін, Printer Status Report (Принтер күйінің
есебі) түймесін түртіңіз.
4. Есеп басып шығарылмайтын болса, науаға қағаздың жүктелгенін тексеріңіз және өнімнің ішінде
қағаздың кептеліп қалмағанын тексеру үшін, басқару тақтасын тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Науадағы қағаздың осы өнімге арналған техникалық сипаттамаларға сәйкес
келетінін тексеріңіз.
Көшіру қызметін тексеру
1. Принтер күйі бетін құжат беру құрылғысына салып, көшірмесін жасаңыз. Құжат беру
құрылғысынан оңай өтпеген жағдайда, құжат беру құрылғысының доңғалақтары мен айыру
төсемін тазалау керек болуы мүмкін. Қағаздың құрылғының техникалық сипаттарына сәйкес
келетінін тексеріңіз.
2. Принтер күйі бетін сканер әйнегіне салып, көшірмесін жасаңыз.
3. Көшірілген беттердегі баспа сапасы қабылданбайтын болса, сканер әйнегін және кішкентай әйнек
белдігін тазалаңыз.
Факс жіберу қызметін тексеру
1. Басқару тақтасында Fax (Факс) белгішесін түртіңіз.
2. Дисплейде Fax Setup (Факсты орнату) белгішесін түртіңіз.
3. Tools (Құралдар) түймесін, одан кейін Факсты тексеруді іске қосу түймесін басыңыз.
Факс қабылдау қызметін тексеру
1. Басқару тақтасында Fax (Факс) белгішесін түртіңіз.
2. Дисплейде Fax Setup (Факсты орнату) белгішесін түртіңіз.
3. Tools (Құралдар) түймесін, одан кейін Факсты тексеруді іске қосу түймесін басыңыз.
118 9-тарау Ақауларды шешу KKWW