HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide
Өнім қағазды алмайды
Өнім науадан қағазды алмайтын болса, осы шешімдерді қолданып көріңіз:
●
Басқару тақтасында қате хабарлары жоқтығын тексеріп, кез келген экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
●
Науаға тапсырмаға арналған дұрыс қағаз өлшемін және түрін салыңыз.
●
Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттағыштарды науаның төменгі жағындағы қағаз өлшемі белгілеріне туралаңыз.
●
Науадан қағаз бумасын алып тастап, оны бүктеп, 180 градусқа айналдырыңыз да, бұрыңыз.
Қағазды желпімеу керек. Науадағы қағаздар жинағын қайтып салыңыз.
●
Науа роликтерін тазалаңыз. Тазалау нұсқаулары онлайн HP қолдау көрсету орталығы
мекенжайында қолжетімді.
●
Қажет болса, науа роликтерін ауыстырыңыз. Ауыстыру нұсқаулары науаның ролик жинағымен
беріледі немесе онлайн HP қолдау көрсету орталығы мекенжайында қолжетімді болады.
Өнім бірнеше қағаз парағын алады
Өнім науадан көп қағаз парағын алмайтын болса, осы шешімдерді қолданып көріңіз:
●
Науадан қағаз бумасын алып тастап, оны бүктеп, 180 градусқа айналдырыңыз да, бұрыңыз.
Қағазды желпімеу керек. Науадағы қағаздар жинағын қайтып салыңыз.
●
Осы өнім үшін HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды ғана пайдаланыңыз.
●
Мыжылмаған, бүгілмеген немесе бүлінбеген қағазды пайдаланыңыз. Егер қажет болса, басқа
бумадағы қағазды пайдаланыңыз. Науадағы барлық қағаздың бірдей түрде және өлшемде
екенін тексеріңіз.
●
Науаның шамадан тыс толтырылмағанын тексеріңіз. Егер солай болса, науадан қағаздар
жинағын шығарыңыз, жинақты тікейтіп, науаға шамалы қағаздарды қайта салыңыз.
●
Тіптен науа шамадан тыс толтырылған болса да, жартылай сияқты медиа құралының төмен
бумасын қолданып көріңіз.
●
Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттағыштарды науаның төменгі жағындағы қағаз өлшемі белгілеріне туралаңыз.
●
Басқа науадан басып шығару.
Қағаз кептелісінің алдын алу
Қағаз кептелістерінің санын азайту үшін, осы шешімдерді қолданып көріңіз:
●
Осы өнім үшін HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды ғана пайдаланыңыз. Жеңіл
салмақты, әлсіз қағаз ұсынылмайды.
●
Мыжылмаған, бүгілмеген немесе бүлінбеген қағазды пайдаланыңыз. Егер қажет болса, басқа
бумадағы қағазды пайдаланыңыз.
●
Бұрын басып шығарылмаған немесе көшірілмеген қағазды қолданыңыз.
●
Науаның шамадан тыс толтырылмағанын тексеріңіз. Егер солай болса, науадан қағаздар
жинағын шығарыңыз, жинақты тікейтіп, науаға аздап қағаз салыңыз.
●
Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттауыштарды олар қағаз жинағын бүктемей түртетін етіп туралаңыз.
124 9-тарау Ақауларды шешу KKWW










