HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide
Картридж төмен
Сипаттамасы
Көрсетілген картридждерді жақын арада ауыстыру қажет.
Ұсынылатын әрекет
Басып шығаруды жалғастыруға болады, бірақ қол астында ауыстыратын картридждер болу керек.
Сұралмайынша картридждерді ауыстырудың қажеті жоқ.
Картридж ақаулығы
Сипаттамасы
—
Картридждегі байланыстар принтерге байланыс жасай алмайды.
—
Картридж принтерге сәйкес келмейді.
Ұсынылатын әрекет
—
Жұмсақ, түксіз матаны пайдалану арқылы картридждегі контактілерді мұқият тазартыңыз да, сия
картриджін салыңыз.
—
Бұл картриджді алып тастап, оны сәйкес келетін картриджбен ауыстырыңыз.
—
Принтер басып шығару жүйесін қорғау үшін процедураларды өздігінше орындауы үшін барлық
картридждер орнатылғанша принтерді қосулы күйде қалдырыңыз.
Картридж өте төмен
Сипаттамасы
Көрсетілген картридждер біткен және қазір ауыстыруға болады. Принтер басып шығару үшін
резервтерін қолдануда.
Ұсынылатын әрекет
Осы біткен картридждерді қазір жоғалтусыз ауыстыруға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Картридждер біткеннен кейін принтер оның резервтерін басып шығаруға пайдалана
алады. Осы резервтер арқылы басып шығаруға болатын беттердің шамалас саны туралы қосымша
ақпарат алу үшін принтердің басқару тақтасын қараңыз.
Жасанды не қолданылған [түрлі түсті] картридж орнатылған
Сипаттамасы
Осы сия картриджіндегі түпнұсқа НР сиясы таусылды.
Ұсынылатын әрекет
Түпнұсқа HP картриджімен алмастырыңыз немесе түпнұсқа емес HP картриджімен басып шығаруды
жалғастыру үшін, OK түймесін басыңыз. HP компаниясы шығармаған жабдықтарды пайдалану
нәтижесінен болған принтерге қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстары кепілдікке кірмейді.
ОРНАТУ картридждерін қолданбау
Сипаттамасы
Құрал баптандырылғаннан кейін ОРНАТУ картридждерін қолдану мүмкін емес.
154 9-тарау Ақауларды шешу KKWW










