HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide

Барлық кабельдердің дұрыс қосылғанын тексеріңіз. Өнім желіге қосылған болса, мына
пункттерді тексеріңіз:
Өнімдегі желі қосылымы жанындағы шамды тексеріңіз. Желі белсенді болса, шам жасыл
болады.
Желіге қосу үшін, телефон сымы емес, желі кабелін қолданып жатқаныңызды тексеріңіз.
Желі маршрутизаторының, хабтың немесе свитчтің қосылғанын және дұрыс жұмыс істеп
тұрғанын тексеріңіз.
HP бағдарламалық құралын www.support.hp.com мекенжайынан орнатыңыз. Реттелетін принтер
драйверлерін қолдану басып шығару кезегінен тапсырмаларды алып тастауды кешіктіруін
туғызуы мүмкін
.
Компьютердегі принтерлердің тізімінен осы өнімнің атын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып,
Сипаттар түймесін басыңыз да, Ports (Порттар) қойындысын ашыңыз:
Желіге қосылу үшін желі кабелін қолданып жатсаңыз, Ports (Порттар) қойындысында
тізімделген принтер аты өнімнің конфигурациялау бетіндегі өнім атына сәйкес келетінін
тексеріңіз.
USB кабелін қолданып жатсаңыз және сымсыз желіге қосылған болсаңыз, Virtual printer
port for USB (USB құрылғысына арналған виртуалды принтер порты) жанына құсбелгі
қойылғанын тексеріңіз.
Компьютерде жеке желіаралық қалқан жүйесін қолданатын болсаңыз, оның өніммен
байланысты блоктауы мүмкін. Мұның ақаулықтың көзі екенін көру үшін желіаралық қалқанды
уақытша ажыратыңыз.
Компьютер немесе өнім сымсыз желіге қосылған болса, төмен сигнал сапасының немесе
кедергінің басып шығару тапсырмаларын кешіктіруі мүмкін.
Сол жақ дуплексерді қайта орнату немесе ауыстыру
ЕСКЕРТУ: Ескерту жапсырмалары принтердегі белгілі аймақтардан көрінеді. Осы жапсырмалардың
анықтамаларын Ескерту белгішелері бөлімінен қараңыз.
Сол жақ дуплексермен туындаған мәселелерді шешу үшін, оны қайта орнату немесе ауыстыру қажет
болуы мүмкін.
1. Сол жақ ілмекті жоғары көтеру арқылы сол жақ есікті ашыңыз.
158 9-тарау Ақауларды шешу KKWW