HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide
Сканерлеу ақаулары
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қауіпсіздік мақсаттары үшін кейбір мүмкіндіктер әдепкі бойынша
ажыратылады (мысалы, қашықтан сканерлеу және Интернетте сканерлеу). Сканерлемес бұрын
оларды қосу керек.
Бұл мүмкіндіктердің бірі қосылған кезде принтерге рұқсаты бар әрбір адам сканер әйнегінде кез
келген нәрсені сканерлей алады.
HP Print and Scan Doctor HP Print and Scan Doctor - ақауды автоматты диагностикадан өткізіп және түзетіп көретін
утилита.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл қызметтік бағдарлама тек Windows операциялық жүйелерінде
қолданылады.
Сканерлеу тапсырмаларымен
туындаған ақаулықтарды жою.
HP ақауды онлайн жою шеберін пайдаланыңыз.
Сканерлемесе немесе сканерленген нысандар сапасы төмен болса, қадамдық
нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP Print and Scan Doctor және HP ақауды онлайн жою шеберлері барлық тілдерде қол
жетімді болмауы мүмкін.
Сәтті көшіру және сканерлеу туралы кеңестер
Факс ақаулары
Факс ақауларын шешіңіз. HP ақауды онлайн жою шеберін пайдаланыңыз.
Факс жіберу немесе алу немесе компьютерге факс жіберу мәселелерін шешіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: HP ақауды онлайн жою шеберлері барлық тілдерде қол жетімді болмауы мүмкін.
●
Факс ақаулықтарын жою тексеру тізімі
●
Қатені түзету және факс жылдамдығын ауыстыру
●
Факс журналдары мен есептері
●
Факс қатесі туралы хабарлар
●
Факстарды жіберу ақаулықтарын шешу
●
Факстарды қабылдау ақаулықтарын жою
●
Жалпы факс ақауларын жою
Факс ақаулықтарын жою тексеру тізімі
Бірнеше ықтимал түзетулер қол жетімді. Әрбір ұсыныс әрекетінен соң, ақаулықтың шешілгенін көру
үшін факспен жіберіп көріңіз.
Факс ақаулықтарын жою кезінде ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін, өнімнің желісі тікелей
қабырға телефон портына жалғанғанын тексеріңіз. Өнімге қосылған барлық басқа құрылғыларды
ажыратыңыз.
166 9-тарау Ақауларды шешу KKWW










