HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide

ISDN немесе сандық PBX параметрін қолданатын болса, аналогтық факс желісін
конфигурациялау туралы ақпаратты алу үшін қызмет провайдерімен байланысыңыз.
VoIP қызметін қолданатын болсаңыз, факс жылдамдығы параметрін Slow (9600 bps) (Баяу
(9600 бит/с)) параметріне өзгертіңіз немесе басқару тақтасынан Fast (33600 bps) (Жылдам
(33600 бит/с)) параметрін ажыратыңыз. Қызмет провайдері факты қолдайтынын және
ұсынылатын факс модемі жылдамдығын сұраңыз. Кейбір компаниялардың адаптерді талап
етуі мүмкін.
DSL қызметін қолданатын болсаңыз, сүзгінің өнімге арналғна телефон желісі қосылымында
қамтылуын қамтамасыз етіңіз. DSL қызмет провайдерімен байланысыңыз немесе сізде жоқ
болса
, DSL сүзгісін сатып алыңыз. DSL сүзгісі орнатылған болса, осы сүзгілер зақымдалуы
мүмкін болғандықтан басқасын қолданып көріңіз.
Қате сақталатын болса, осыдан кейін келетін бөлімдердегі толық ақаулықты шешу шешімдерін
табыңыз.
Қатені түзету және факс жылдамдығын ауыстыру
Факс қатесін түзету режимін орнату
Әдетте өнім факсты жіберу немесе қабылдау кезінде телефон желісіндегі сигналдарды бақылайды.
Өнім тарату кезінде қатені анықтаса және қатені түзету параметрі Қосулы болса, өнім факс бөлігінің
қайта жіберілуін сұрауы мүмкін. Қатені түзетуге арналған әдепкі зауыттық орнату - Қосулы .
Факсты жіберу немесе қабылдау ақаулығы туындаса және тарату кезінде қателерді қабылдауды
қаласаңыз, тек қатені түзету параметрін өшіру керек. Параметрді өшіру факсты шетелге жіберуге
немесе шетелден алуға әрекет жасаған немесе спутниктік телефон байланысын қолданған кезде
пайдалы болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Қатені түзету параметрін өшіру өнімнің түрлі-түсті факс мүмкіндіктерін ажыратады.
1. Басқару тақтасында Fax (Факс) белгішесін түртіңіз.
2. Дисплейде Fax Setup (Факсты орнату) белгішесін түртіңіз.
3. Параметрлер түймесін түртіп, Қатені түзету күйі параметрін таңдаңыз да, оны қосыңыз немесе
өшіріңіз.
Факс жылдамдығын өзгерту
Факс жылдамдығы параметрі өнім факстарды жіберу үшін қолданатын модем протоколы болып
табылады. Ол секундына 33600 бит (бит/с) жылдамдықта телефон жолдары арқылы деректерді
жіберетін және қабылдайтын толық дуплексті модемдерге арналған дүние жүзілік стандарт болып
табылады. Факс жылдамдығы параметріне арналған зауыттық әдепкі орнату 33600 бит/с болады.
Белгілі құрылғыдан факсты жіберу немесе қабылдау кезінде ақаулық туындаса, параметрді ғана
өзгерту керек. Факс жылдамдығын төмендету факсты шетелге жіберуге немесе шетелден алуға
әрекет жасаған немесе спутниктік телефон байланысын қолданған кезде пайдалы болуы мүмкін.
1. Басқару тақтасында Fax (Факс) белгішесін түртіңіз.
2. Дисплейде Fax Setup (Факсты орнату) белгішесін түртіңіз.
3. Параметрлер түймесін, одан кейін қолданылатын параметрді таңдау үшін Speed (Жылдамдық)
түймесін түртіңіз.
Факс журналдары мен есептері
Факс журналдары мен есептерін басып шығару үшін келесі нұсқауларды пайдаланыңыз:
168 9-тарау Ақауларды шешу KKWW