HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide

Теру үні жоқ.
Сипаттамасы
Өнім теру үнін анықтай алмайды.
Ұсынылатын әрекет
Факс жіберуді бастау түймесін басу арқылы телефон желісіндегі теру сигналын тексеріңіз.
Телефон сымын өнімнен және қабырғадан ажыратып, сымды қайта қосыңыз.
Өніммен бірге берілген телефон сымының қолданылатынын тексеріңіз.
Қабырғадан өнімнің телефон сымын ажыратып, телефонға жалғаңыз да, дыбыстық қоңырау
жасауға әрекет жасаңыз.
Қабырғадағы телефон ұясынан шыққан телефон сымы желі портына жалғанғандығын тексеріңіз.
Өнімнің телефон сымын басқа телефон желісіндегі ұяға қосыңыз.
Факсты тексеруді іске қосу басып шығару арқылы телефон желісін тексеріңіз. Басқару
тақтасында Fax (Факс) белгішесін, дисплейде Setup (Орнату) белгішесін түртіңіз. Одан кейін Tools
(Құралдар) және одан кейін Run Fax Test (Факс сынағын іске қосу) параметрін түртіңіз. Бұл сынақ
телефон сымының дұрыс портқа жалғанғанын және телефон жолының сигналы болатынын
тексереді. Құрал нәтижелері бар есепті басып шығарады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл құрал PBX не VOIP жүйесіне қосылу үшін жасалған. Теру сигналын анықтау
параметрін ажыратып, қайтадан орындап көріңіз.
Қате сақталса, өнім қорабында келген жарнамалық парақшаны қарап шығыңыз немесе HP қолдау
көрсету орталығы сайтына өтіңіз.
Факс жауабы жоқ. Бас тартылған жіберу.
Сипаттамасы
Факс нөмірін қайта теруге жасалған әрекет сәтсіз болды немесе No Answer Redial (Жауап жоқ кезде
қайта теру) параметрі өшірілді.
Ұсынылатын әрекет
Факс құрылғысының қосулы және дайын болуын қамтамасыз ету үшін алушыға қоңырау
шалыңыз.
Дұрыс факс нөмірі теріліп жатқанын тексеріңіз.
Теру опциясы қосылғанын тексеріңіз.
Телефон сымын өнімнен және қабырғадан ажыратып, сымды қайта қосыңыз.
Қабырғадан өнімнің телефон сымын ажыратып, телефонға жалғаңыз да, дыбыстық қоңырау
жасауға әрекет жасаңыз.
Қабырғадағы телефон ұясынан шыққан телефон сымы желі портына жалғанғандығын тексеріңіз.
Өнімнің телефон сымын басқа телефон желісіндегі ұяға қосыңыз.
Қате сақталса, өнім қорабында келген жарнамалық парақшаны қарап шығыңыз немесе HP қолдау
көрсету орталығы сайтына өтіңіз.
KKWW Факс ақаулары 173