HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide

Факс жауабы жоқ. Күту кезінде қайта теріңіз.
Сипаттамасы
Қабылдаушы факс желісі жауап бермеді. Өнім бірнеше минуттан кейін қайта теруге әрекет жасайды.
Ұсынылатын әрекет
Өнімнің факсты қайта жіберіп көруіне мүмкіндік беріңіз.
Факс құрылғысының қосулы және дайын болуын қамтамасыз ету үшін алушыға қоңырау
шалыңыз.
Дұрыс факс нөмірі теріліп жатқанын тексеріңіз.
Өнім қайта теруді жалғастыратын болса, қабырғадан өнімнің телефон сымын ажыратып,
телефонға жалғаңыз да, дыбыстық қоңырау жасауға әрекет жасаңыз.
Қабырғадағы телефон ұясынан шыққан телефон сымы желі портына жалғанғандығын тексеріңіз.
Өнімнің телефон сымын басқа телефон желісіндегі ұяға қосыңыз.
Басқа телефон сымын қолданып көріңіз.
Қате сақталса, өнім қорабында келген жарнамалық парақшаны қарап шығыңыз немесе HP қолдау
көрсету орталығы сайтына өтіңіз.
Ешбір факс анықталмады.
Сипаттамасы
Өнім кіріс қоңырауына жауап берді, бірақ факс құрылғысының қоңырау шалып жатқанын анықтай
алмады.
Ұсынылатын әрекет
Өнімнің факсты қайта қабылдап көруіне мүмкіндік беріңіз.
Басқа телефон сымын қолданып көріңіз.
Өнімнің телефон сымын басқа телефон желісіндегі ұяға қосыңыз.
Қате сақталса, өнім қорабында келген жарнамалық парақшаны қарап шығыңыз немесе HP қолдау
көрсету орталығы сайтына өтіңіз.
Факстарды жіберу ақаулықтарын шешу
Қате хабары басқару тақтасында көрсетіледі
Басқару тақтасы факсты жіберу үшін әрекет жасалмаған кезде, Ready (Дайын) хабарын көрсетеді.
Басқару тақтасы «1-бет қабылдануда» хабарын көрсетеді және сол хабардан әрі жылжымайды
Факстарды жіберуге емес, қабылдауға болады
Басқару тақтасынан факс функцияларын қолдану мүмкін емес
Телефон кітабы жазбаларын пайдалану мүмкін емес
Топтық телефон кітабы жазбаларын пайдалану мүмкін емес
Факсты жіберуге әрекет жасаған кезде телефон компаниясынан жазылған қате хабарын алу
Телефон өнімге қосылған кезде факсты жіберу мүмкін емес
174 9-тарау Ақауларды шешу KKWW