HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide

Қате хабары басқару тақтасында көрсетіледі
Факстың қате хабарлары үшін Факс қатесі туралы хабарлар бөлімін қараңыз.
Құжатты беру құрылғысындағы қағаз кептелісі
Қағаздың өнімнің өлшем талаптарына сәйкес келмейтінін тексеріңіз. Өнім факсқа арналған 381 мм
өлшемінен ұзын беттерге қолдау көрсетпейді.
Түпнұсқаны Letter, A4 немесе Legal өлшемді қағазға көшіріңіз немесе басып шығарыңыз да,
факсты қайта жіберіңіз.
Сканер қатесі
Қағаздың өнімнің өлшем талаптарына сәйкес келмейтінін тексеріңіз. Өнім факсқа арналған 381 мм
өлшемінен ұзын беттерге қолдау көрсетпейді.
Түпнұсқаны Letter, A4 немесе Legal өлшемді қағазға көшіріңіз немесе басып шығарыңыз да,
факсты қайта жіберіңіз.
Басқару тақтасы факсты жіберу үшін әрекет жасалмаған кезде, Ready (Дайын) хабарын
көрсетеді.
Факс әрекеті журналында қателердің жоқтығын тексеріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін Ақпарат беттері бөлімін қараңыз.
Қосымша телефон құралы мен розетка арасында жалғанған болса, тұтқасының орнына
қойылғанын тексеріңіз.
Өнімді тікелей қабырғада телефон ұясына жалғап, факсты қайта жіберіңіз.
Басқару тақтасы «1-бет қабылдануда» хабарын көрсетеді және сол хабардан әрі
жылжымайды
Жадтан сақталған факстарды жою.
Факстарды жіберуге емес, қабылдауға болады
Факсты жібергенде ешбір әрекет орындалмайды.
1. Факс жіберуді бастау түймесін қолдану арқылы телефон желісіндегі теру сигналын тексеріңіз.
2. Принтерді өшіріңіз және одан кейін қосыңыз.
3. Факс уақытын, күнін және факстың тақырыбы туралы ақпаратты конфигурациялау үшін, басқару
тақтасын немесе HP факсты орнату шеберін қолданыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Факс параметрлерін теңшеу бөлімін қараңыз.
4. Желідегі ешбір қосымша телефондардың тұтқасы көтеріліп тұрмағанын тексеріңіз.
5. DSL қызметін қолданғанда құрылғымен жасалған телефон желісінің байланысында жоғары
жиілікті сүзгінің болуын тексеріңіз.
KKWW Факс ақаулары 175