HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide

Басқару тақтасынан факс функцияларын қолдану мүмкін емес
Өнімнің құпия сөзбен қорғалмаған болуы мүмкін. Құпия сөзді орнату үшін, HP ендірілген веб-
серверін, HP құралдар тақтасы бағдарламалық құралын немесе басқару тақтасын қолданбаңыз.
Өнімге арналған құпия сөзді білмесеңіз, жүйе әкімшісімен байланысыңыз.
Жүйе әкімшісімен факс қызметі ажыратылмағандығын тексеріңіз.
Телефон кітабы жазбаларын пайдалану мүмкін емес
Факс нөмірінің жарамдылығын тексеріңіз.
Сыртқы желі префиксті талап ететін болса, Нөмірді теру префиксі опциясын қосыңыз немесе
телефон кітабы жазбасына префиксті қосыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Нөмірді теру префиксін орнату бөлімін қараңыз.
Топтық телефон кітабы жазбаларын пайдалану мүмкін емес
Факс нөмірінің жарамдылығын тексеріңіз.
Сыртқы желі префиксті талап ететін болса, Нөмірді теру префиксі опциясын қосыңыз немесе
топтық телефон кітабы жазбасына префиксті қосыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Нөмірді теру префиксін орнату бөлімін қараңыз.
Топтағы барлық жазбаларды телефон кітабы жазбаларымен реттеңіз.
а. Қолданылмаған телефон кітабы жазбасын ашыңыз.
ә. Факс нөмірін енігізіңіз.
б. OK түймесін түртіңіз.
Факсты жіберуге әрекет жасаған кезде телефон компаниясынан жазылған қате хабарын
алу
Факс нөмірінің дұрыс терілгенін, телефон қызметінің блокталмағанын тексеріңіз. Мысалы, кейбір
телефон қызметтері ұзақ қашықтыққа қоңырау шалудың алдын алуы мүмкін.
Сыртқы желі префиксті талап ететін болса, Нөмірді теру префиксі опциясын қосыңыз немесе
телефон кітабы жазбасына префиксті қосыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Нөмірді теру префиксін орнату бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Нөмірді теру префиксі опциясы қосылған кезде факсты префикссіз жіберу үшін,
факсты қолмен жіберіңіз.
Факсты халықаралық нөмірге жіберіңіз.
а. Префикс талап етілетін болса, префиксі бар телефон нөмірін қолмен теріңіз.
ә. Телефон нөмірін термес бұрын ел/аймақ кодын енгізіңіз.
б. Телефонда үндерді естіген кезде үзіліктерді күтіңіз.
в. Факсты басқару тақтасынан қолмен жіберіңіз.
176 9-тарау Ақауларды шешу KKWW