HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide

Желі ақауларын жою
Өнімнің желімен байланысатынын тексеру үшін келесі элементтерді тексеріңіз. Бастамас бұрын
басқару тақтасынан конфигурациялау бетін басып шығарып, осы тізімде жоқ өнімнің IP мекенжайын
енгізіңіз.
Нашар физикалық жағдай
Компьютер өнімге арналған дұрыс емес IP мекенжайын қолдануда
Компьютер өніммен байланыса алмайды
Өнім желіге арналған дұрыс емес сілтемені және дуплекс параметрлерін қолдануда
Жаңа бағдарламалық құралдың үйлесімділік ақауларын туғызуы мүмкін
Компьютер немесе жұмыс станциясы дұрыс орнатылмаған болуы мүмкін
Өнім ажыратылған немесе басқа желі параметрлері дұрыс емес
Нашар физикалық жағдай
1. Өнімнің дұрыс кабельді қолданып дұрыс Ethernet портына тіркелгенін тексеріңіз.
2. Кабельдің қауіпсіз жалғанғанын тексеріңіз.
3. Құралдың артқы жағындағы Ethernet портына қарап, сарғыш түсті жұмыс шамы және жасыл
түсті мәртебе шамы жанып тұрғанын тексеріңіз.
4. Егер ақаулық шешілмесе, желі жос жоспарлағышындағы, қосқыштағы немесе хабтағы басқа
кабельді немесе портты таңдап көріңіз.
Компьютер өнімге арналған дұрыс емес IP мекенжайын қолдануда
1. Өнімде принтер сипаттарын ашып, Ports (Порттар) қойындысын нұқыңыз. Өнім үшін қазіргі IP
мекенжайының таңдалғанын тексеріңіз. Құралдың IP мекенжайы құралдың конфигурация
бетінде немесе басқару тақтасы арқылы тізімделеді.
2. Өнімді HP стандартты TCP/IP портын қолданып орнатсаңыз, Always print to this printer, even if its
IP address changesіптен IP мекенжайы өзгертілсе де, әрқашан осы принтерге басып шығару)
құсбелгісін қойыңыз.
3. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Өнімді Microsoft стандартты TCP/IP портын қолданып орнатқан болсаңыз, IP мекенжайының
орнына хост атауын қолданыңыз.
Өнімді www.support.hp.com веб-сайтынан орнатқан болсаңыз келесі қадамдарды қолданып
өнімнің IP мекенжайын қарап шығуға немесе өзгертуге болады:
а. HP принтері көмекшісін ашу. Қосымша ақпарат алу үшін HP принтері көмекшісін ашу
бөлімін қараңыз.
ә. Құралдар қойындысын басыңыз.
б. Өнім үшін белгілі («алдыңғы») IP мекенжайын хабарлайтын және қажет болса, IP
мекенжайын өзгертуге мүмкіндік беретін қызметтік бағдарламаны ашу үшін Update IP
Address (IP мекенжайын жаңарту) түймесін басыңыз.
4. IP мекенжай дұрыс болса, орнатылған принтерлер тізімінен құрал жазбасын жойып, оны
қайтадан қосыңыз.
180 9-тарау Ақауларды шешу KKWW