HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide

Компьютер өніммен байланыса алмайды
1. Құрылғыны тексеру арқылы желі байланысын тексеріңіз:
а. Компьютерде пәрмен жолы сұрауын ашыңыз. Windows үшін Бастау түймесін басып, Run (Іске
қосу) тармағын таңдаңыз да, cmd деп теріңіз.
ә. Өнімге арналған IP мекенжайынан кейін ping деп теріңіз.
б. Егер терезе ақпарат жіберу уақытын көрсетсе, онда желі мен құрал жұмыс істейді.
2. Егер ақпарат жіберу пәрмені орындалмаса, желілік хабтардың қосулы екенін тексеріңіз, содан
кейін желі параметрлерінің, өнімнің және компьютердің бірдей желіде конфигурацияланғанын
тексеріңіз.
Өнім желіге арналған дұрыс емес сілтемені және дуплекс параметрлерін қолдануда
HP бұл параметрді автоматты режимде қалдыруды ұсынады (әдепкі параметр). Осы параметрлерді
өзгертетін болсаңыз, оларды желі үшін де өзгерту керек.
Жаңа бағдарламалық құралдың үйлесімділік ақауларын туғызуы мүмкін
Жаңа бардарламалық құралдың бағдарламалары дұрыс орнатылғанын және олардың дұрыс принтер
драйверін қолданатынын тексеріңіз.
Компьютер немесе жұмыс станциясы дұрыс орнатылмаған болуы мүмкін
1. Желі драйверлерін, принтер драйверлерін және желінің қайта бағытталуын тексеріңіз.
2. Операциялық жүйенің дұрыс конфигурацияланғанын тексеріңіз.
Өнім ажыратылған немесе басқа желі параметрлері дұрыс емес
1. Желі протоколының күйін тексеру үшін конфигурациялау бетін қарап шығыңыз. Қажет болса,
оны қосыңыз.
2. Қажет болса, желі параметрлерін қайта конфигурациялаңыз.
Сымсыз желі мәселелері
HP Print and Scan Doctor HP Print and Scan Doctor - ақауды автоматты диагностикадан өткізіп және түзетіп көретін
утилита.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл қызметтік бағдарлама тек Windows операциялық жүйелерінде
қолданылады.
HP ақауды онлайн жою
шеберін пайдаланыңыз.
Принтеріңіз ешқашан жалғанбаған болып немесе жалғанып, енді жұмыс істемесе,
сымсыз байланыс мәселеңізді шешіңіз.
Компьютердің принтерге жалғануына тыйым салуда деп күдіктенсеңіз, брандмауэр
немесе антивирус ақауын жойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP Print and Scan Doctor және HP ақауды онлайн жою шеберлері барлық тілдерде қол
жетімді болмауы мүмкін.
Сымсыз қосылымды тексеру тізімі
Өнім басып шығармайды және компьютерде үшінші тараптың желіаралық қалқаны орнатылған
KKWW Сымсыз желі мәселелері 181