HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide
1. Басқару тақтасының құралдарын ашыңыз (кез келген экранның жоғарғы жағындағы құралдар
қойындысын сырғытыңыз немесе басты экранның жоғарғы жағындағы жолақты түртіңіз).
2. Басқару тақтасының құралдарында (Setup (Орнату)) түймесін түртіңіз.
3. Есептер түймесін түртіп, есепті басып шығару үшін, Network Conguration Page (Желіні
конфигурациялау беті) түймесін түртіңіз.
4. Компьютерге арналған принтер конфигурациясында SSID үшін конфигурациялау есебіндегі
қызмет жинағы идентификаторын (SSID) салыстырыңыз.
5. SSID бірдей болмаса, құрылғылар бірдей желіге қосылмайды. Өнімге арналған сымсыз орнатуды
қайта конфигурациялаңыз.
Сымсыз өнім VPN кодына қосылған кезде сымсыз өнім байланысты
жоғалтады
●
Әдетте VPN коды мен басқа желілерді бірдей уақытта қосу мүмкін емес.
Желі сымсыз желілер тізімінде көрсетілмейді
●
Сымсыз маршрутизатордың қосылғанын және онда ток бар екенін тексеріңіз.
●
Желінің жасырын болуы мүмкін. Дегенмен, әлі де жасырын желіге қосылуға болады.
Өнімнің бағдарламалық құрал мәселелері (Windows)
Мәселе Шешім
Өнімге арналған принтер
драйвері Printer
(Принтер) қалтасында
көрінбейді.
●
Өнім бағдарламалық құралын қайта орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Істеп тұрған қолданбаларды жабыңыз. Жүйе науасында белгішесі бар бағдарламаны жабу
үшін, белгішені тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, Close (Жабу) немесе Disable (Ажырату) параметрін
таңдаңыз.
●
USB кабелін компьютердің басқа USB портына жалғап көріңіз.
Бағдарламалық құралын
орнату барысында
экранға қателік жөнінде
хабар шығарылды.
●
Өнім бағдарламалық құралын қайта орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Істеп тұрған қолданбаларды жабыңыз. Тапсырмалар жолағында белгішесі бар
бағдарламаны жабу үшін, белгішені тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, Close (Жабу) немесе Disable
(Ажырату) параметрін таңдаңыз.
●
Өнім бағдарламалық құралын орнататын жетектегі бос орын мөлшерін тексеріңіз. Қажет болса,
мүмкіндігінше көп орын босатып, бағдарламалық құралды қайта орнатыңыз.
●
Қажет болса, Диск дефрагментациясын іске қосып, бағдарламалық құралды қайта орнатыңыз.
Өнім «Дайын» режимінде,
бірақ ештеңе басып
шығарылмайды.
●
Басқару тақтасынан теңшелім бетін басып шығарып, құралдың функциясын тексеріңіз.
●
Барлық кабельдердің дұрыс жалғанып, ерекшеліктерге сәйкес екендігін тексеріңіз. Оның ішіне USB және
қуат кабельдері кіреді. Жаңа кабель жалғап көріңіз.
●
Конфигурация бетіндегі IP мекенжайы бағдарламалық құрал портындағы IP мекенжайына сәйкес
келетінін тексеріңіз. Төмендегі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
—
Windows XP, Windows Server 2003, Windows Server 2008 және Windows Vista толық мүмкіндікті
орнату құралын пайдаланбай орнатылған (мысалы, Windows жүйесінде принтер қосу шебері):
1. Start (Бастау) түймешігін басыңыз.
2. Settings (Параметрлер) түймесін басыңыз.
KKWW Өнімнің бағдарламалық құрал мәселелері (Windows) 183










