HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide

Қоршаған ортаны қорғау
HP қоршаған ортаға зиянсыз түрде сапалы өнімдерді қамтамасыз етуге берілген. Бұл өнім қоршаған
ортаға әсерлерді азайту үшін, бірнеше ерекшеліктермен жасалған.
Қауіпсіздік төлқұжаты
Қауіпсіздік төлқұжаты, өнім қауіпсіздігі және қоршаған орта туралы ақпарат www.hp.com/go/ecodata
веб-сайтында немесе сұрау бойынша қол жетімді.
Озон шығару
Бұл өнім аздап білінетін озон газын (O
3
) шығарады.
Қуатты тұтыну
ENERGY STAR® логотипімен белгіленген HP басып шығару және кескін жабдығы АҚШ қоршаған ортаны
қорғау ұйымымен бекітілген. Келесі белгі ENERGY STAR бойынша сертификатталған кескін өнімдерінде
көрсетіледі:
Қосымша ENERGY STAR бойынша сертификатталған кескін өнімінің үлгісі туралы ақпарат төмендегі
сайтта берілген: www.hp.com/go/energystar
1275/2008 Еуропалық Одақ комиссиясының ережесі
Өнімнің қуаты туралы деректерді, соның ішінде, барлық сымды желілік порттар қосылған және
барлық сымсыз желілік порттар белсендірілген болса, желіге қосылған күту режиміндегі өнімнің
қуатты тұтынуы туралы деректерді алу үшін өнімнің www.hp.com/hpinfo/globalcitizenship/environment/
productdata/itecodesktop-pc.html бетіндегі IT ECO декларациясының P14 «Қосымша ақпарат» бөлімін
қараңыз.
Қағаз
Қағаз өнімнің медиа құралын басып шығару нұсқаулығында берілген нұсқауларға сәйкес келген кезде,
бұл өнім қайта өңделетін және жеңіл салмақты қағазды (EcoFFICIENT™) пайдалана алады. Бұл өнім
EN12281:2002 стандартына сәйкес қайта өңделетін қағаз бен жеңіл салмақты қағаз (EcoFFICIENT™)
үшін пайдалануға қолайлы.
Пластмасса
Ауырлығы 25 граммнан асатын пластмасса бөлшектер бұйымның пайдалану мерзімі аяқталғаннан
кейін пластмассаның қайта пайдалануға жарамдылығын күшейтетін халықаралық стандарттар
бойынша белгіленген.
HP PageWide басып шығару жабдықтары
Түпнұсқа HP жабдықтары қоршаған ортаны есепке ала отырып жасалған. HP басып шығарған кезде
ресурстар мен қағазды тұтынуды жеңілдетеді. Дайын болған кезде, біз қайта өңдеуді оңайлатамыз
KKWW Қоршаған орта өнімін ұйымдастыру бағдарламасы 201