HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide

Еуропа одағына арналған заңды хабарлама
CE таңбасы жабыстырылған өнімдер қолданыстағы ЕО директиваларына және қатысты Еуропалық
реттелген стандарттарға сәйкес келеді. Сондай-ақ, сәйкестік мағлұмдамасы да келесі веб-сайтта қол
жетімді:
www.hp.eu/certicates (Өнім үлгісінің атауы арқылы немесе заңды белгісінде табуға болатын оның
заңды үлгі нөмірі (RMN) арқылы іздеңіз.)
Заңды мәселелер бойынша байланысу орны: HP Deutschland GmbH, HQ-TRE, 71025, Boeblingen,
Germany.
Сымсыз функционалдылығы бар өнімдер
EMF
Бұл өнім радиожиілікті сәулеленудің әсері үшін халықаралық стандарттарға (ICNIRP) сай.
Егер оның құрамына таридо тарату және қабылдау құрылғысы кірсе, онда қалыпты пайдалану
жағдайларында жоғары жиілікті радио әсерлер ЕО стандарттарына сәйкес келетін минималды
аралық 20 см-ді құрауы тиіс.
Еуропадағы сымсыз функционалдылық
802.11 b/g/n немесе Bluetooth радиосы бар өнімдер үшін:
Бұл өнім 2400 мГц пен 2483,5 мГц арасындағы радио жиілігінде 20 дбвмт (100 мВт) немесе
одан аз қуат берілісімен жұмыс істейді.
802.11 a/b/g/n радиосы бар өнімдер үшін:
АБАЙЛАҢЫЗ: 5,15 – 5,35 ГГц жиілік ауқымы бар IEEE 802.11x сымсыз LAN желісі
Еуропалық Одақ мүшесіндегі барлық мемлекеттерде, EFTA (Исландия, Норвегия,
Лихтенштейн) және көпшілік еуропалық елдерде (мыс., Швейцария, Түркия, Сербия
Республикасы) тек бөлме ішінде пайдалану үшін шектелген. Осы WLAN қолданбасын бөлме
сыртында пайдалану ағымдағы радио қызметтеріне кедергі келтіруі мүмкін.
Бұл өнім 2400 мГц пен 2483,5 мГц арасындағы және 5170 мГц пен 5710 мГц арасындағы
радио жиілігінде 20 дбвмт (100 мВт) немесе одан аз қуат берілісімен жұмыс істейді.
Тек факс мүмкіндігі бар үлгілер
Факс байланысы бар HP өнімдері R&TTE директивасының 1999/5/EC (Annex II) талаптарына сәйкес
және тиісті CE белгілеуін алады. Дегенмен, әр түрлі елдерде/аймақтарда жеке PSTN желілердің
айырмашылықтарына байланысты бекіту өз-өздігінен әрбір PSTN желілерде сәтті жұмыс істейтініне
ешқандай кепілдік бермейді. Егер проблемалар пайда болған жағдайда, бірінші инстанцияда
құрылғыны жеткізушіге хабарласуыңыз керек.
210 а қосымшасы Техникалық мәліметтер KKWW