HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide
Жапсырма Сипаттама
2 Картридж бөлігінің нөмірлері
3 Өнімнің сериялық нөмірі мен өнім нөмірі
Қуатты қосу және өшіру
ЕСКЕРТУ: Принтер зақымданбауы үшін, тек онымен бірге берілген қуат сымын пайдаланыңыз.
●
Өнімді қосу және өшіру
●
Қуатты басқару
Өнімді қосу және өшіру
Өнімді қосыңыз
1. Өніммен берілген қуат сымын өнімнің артқы жағындағы қосылым портына жалғаңыз.
2. Қуат сымын қабырға розеткасына қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қуат көзі өнімнің кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз. Өнім 100-240 В немесе
200-240 В айнымалы ток кернеуін және 50/60 Гц жиілікті пайдаланады.
3. Өнімнің алдыңғы жағындағы қуат түймесін басып, босатыңыз.
Өнімді өшіру
Өшіруге қажетті уақыт сол уақытта орындалып жатқан функцияларға байланысты.
ЕСКЕРТПЕ: Картридж жоқ болса, өнімді өшірмеңіз. Өнімге зақым келуі мүмкін.
▲
HP PageWide MFP P77740-60 series принтерін өшіру үшін өнімнің алдыңғы жағындағы қуат
түймесін басып, босатыңыз.
KKWW Қуатты қосу және өшіру 9










