HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide

Бір немесе бірнеше картридждер жоқ кезде өнімді қосуға немесе өшіруге әрекет жасасаңыз,
басқару тақтасында ескерту хабары көрсетіледі.
ЕСКЕРТУ: Басып шығару сапасы ақаулықтарының алдын алу үшін, өнімді тек алдындағы қуат
түймесін қолданып өшіріңіз. Өнімді токтан ажыратпаңыз, ұзартқышты өшірмеңіз немесе кез
келген басқа әдісті қолданбаңыз.
Қуатты басқару
HP PageWide MFP P77740-60 series принтерлері қуатты тұтынуды азайтуға және энергияны үнемдеуге
көмектесе алатын қуатты басқару мүмкіндіктерін қамтиды:
Ұйқы режимі белгілі уақыт аралығында енжар болатын болса, өнімді қуатты аз тұтыну күйіне
қояды. Өнім ұйқы режиміне өтпес бұрын, басқару тақтасынан уақыт ұзақтығын орнатуға болады.
Кестені қосу/өшіру басқару тақтасынан орнатылған күндер мен уақыттарда өнімді автоматты
түрде қосады немесе өшіреді. Мысалы, өнімнің дүйсенбі мен жұма аралығында түстен кейінгі
сағат 6-да өшірілуін орната аласыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сондай-ақ, қуатты HP ендірілген веб-серверінен басқаруға болады. Қосымша ақпарат алу
үшін Параметрлер қойындысы бөлімін қараңыз.
Ұйқы режимі уақытын орнату
1. Басқару тақтасының құралдарын ашыңыз (кез келген экранның жоғарғы жағындағы құралдар
қойындысын сырғытыңыз немесе басты экранның жоғарғы жағындағы жолақты түртіңіз).
2. Басқару тақтасының құралдарында (Setup (Орнату)) түймесін түртіңіз.
3. Power Management (Қуат көзін басқару), одан кейін Sleep Mode (Ұйқы режимі) тармағын түртіңіз.
4. Уақыт аралығы опцияларының бірін таңдаңыз.
Өнім таңдалған уақыт кезінде әрекетсіз күйде болса, ол азайтылған қуатты тұтыну күйіне ауысады.
Өнімнің қосылуын не өшірілуін жоспарлау
1. Басқару тақтасының құралдарын ашыңыз (кез келген экранның жоғарғы жағындағы құралдар
қойындысын сырғытыңыз немесе басты экранның жоғарғы жағындағы жолақты түртіңіз).
2. Басқару тақтасының құралдарында (Setup (Орнату)) түймесін түртіңіз.
3. Power Management (Қуат көзін басқару) түймешігін түртіп, Schedule Wake/Sleep (Ояту/Ұйқы
режимін жоспарлау) параметрін түртіңіз.
10 1-тарау Жұмысты бастау KKWW