HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide

Panel Customization (Басқару тақтасын реттеу) тармағын, содан соң Quick Sets (Жылдам орнатулар)
параметрін таңдаңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Анықтама мүмкіндіктері
HP PageWide MFP P77740-60 series принтерлерінде басқару тақтасынан қол жетімді кірістірілген
анықтама бар. Анықтама мүмкіндіктері кеңестерді, қарауға немесе басып шығаруға болатын маңызды
өнім мәліметтерін және тапсырмаларды орындау немесе ақаулықтарды шешу жолын көрсететін
анимацияларды қамтиды.
Анықтама мүмкіндіктерін қарау үшін құралдар тақтасында (Анықтама) түймешігін немесе
принтердің басқару тақтасындағы
(Анықтама) түймешігін түртіңіз.
Принтер мәліметтері
Анықтама анимациялары
Принтер мәліметтері
Принтер мәліметтері беті HP PageWide MFP P77740-60 series принтеріңіз туралы келесі мәліметтерді
көрсетеді:
Үлгі аты мен нөмірі
Өнімнің сериялық нөмірі
Өнім қызметінің идентификаторы
Ағымдағы микробағдарлама нұсқасының нөмірі
Пайдалану, күй және параметрлер мәліметтері (толық өнім мәліметтері мен принтер күйінің есеп
беттерін басып шығаратын жағдайда)
Принтер мәліметтері бетін қарау немесе басып шығару
1. Құралдар тақтасында (Анықтама) түймесін немесе принтердің басқару тақтасында
(Анықтама) түймесін түртіңіз.
2. Printer Information (Принтер туралы мәліметтер) параметрін түртіңіз.
3. Ақпаратты басып шығарғыңыз келсе, Басып шығару түймесін басыңыз.
Анықтама анимациялары
Кірістірілген анықтама тапсырмаларды орындау немесе ақаулықтарды шешу жолын көрсететін
анимацияларды қамтиды. Қол жетімді анықтама анимациясын таңдау және қарау үшін:
1. Құралдар тақтасында (Анықтама) түймесін немесе принтердің басқару тақтасында
(Анықтама) түймесін түртіңіз.
2. How To Videos (Әдісті көрсету бейнелері) параметрін түртіңіз.
3. Ойнатылатын анимацияны таңдаңыз.
14 1-тарау Жұмысты бастау KKWW