HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide

Сондай-ақ, принтер USB кабелін пайдаланатын компьютерге немесе сымсыз байланыс арқылы
желіге қосылып тұрғанда Wi-Fi Direct пайдалануға болады.
Wi-Fi Direct интернетке компьютерді, мобильді құрылғыны немесе принтерді қоса алмайды.
Wi-Fi Direct құрылғысын қосу үшін
1. Басқару тақтасының құралдарын ашыңыз (кез келген экранның жоғарғы жағындағы құралдар
қойындысын сырғытыңыз немесе басты экранның жоғарғы жағындағы жолақты түртіңіз).
2. Басқару тақтасының құралдарында (Wi-Fi Direct) түймесін түртіңіз.
3. (Settings) (Параметрлер) түймесін түртіңіз.
4. Егер дисплей Wi-Fi Direct мүмкіндігі өшірілгенін көрсететін болса, Wi-Fi Direct тармағын түртіңіз де,
оны қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қосымша қауіпсіздік қосылымдары үшін EWS параметрінен қосымша Wi-Fi Direct
параметрлерін конфигурациялауға болады. Wi-Fi Direct тармағының астында Networkелі)
қойындысында Statusүй) түймесін, одан кейін Edit Settings (Параметрлерді өңдеу) түймесін
басыңыз. Statusүй) тармағының астында On (Қосулы) түймесін және Connection Method (Қосылу
әдісі) тармағының астында Advanced (Қосымша) түймесін басыңыз.
КЕҢЕС: Wi-Fi Direct мүмкіндігін енгізілген веб-серверден қосуға болады. EWS серверін пайдалану
туралы қосымша ақпаратты HP Embedded Web Server бөлімінен қараңыз.
Cымсыз жұмыс істейтін мобильді құрылғыдан басып шығару
ЕСКЕРТПЕ: Мобильді құрылғыңызға үйлесімді басып шығару бағдарламасын орнатқаныңызды
тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін www.hp.com/go/mobileprinting веб-сайтына кіріңіз.
1. Принтердегі Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз.
2. Мобильді құрылғыдағы Wi-Fi байланысын қосыңыз. Қосымша ақпаратты мобильді құрылғымен
бірге берілген құжаттан қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Мобильді құрылғыңыз Wi-Fi байланысын қолдамаса, Wi-Fi Direct мүмкіндігін
пайдалану мүмкін емес.
3. Мобильді құрылғыдан жаңа желіге қосылыңыз. Әдетте жаңа сымсыз желі немесе қол жеткізу
нүктесіне қосылу үшін пайдаланылатын процесті пайдаланыңыз. DIRECT-**-HP PageWide XXXX
ретінде көрсетілген сымсыз желілердің тізімінен Wi-Fi Direct атауын таңдаңыз (** белгісі -
принтерді анықтайтын бірегей таңбалар және ХХХХ - принтерде орналасқан принтер моделі).
4. Сұралған болса, Wi-Fi Direct құпиясөзін енгізіңіз.
5. Құжатты басып шығарыңыз.
Сымсыз жұмыс істейтін компьютерден басып шығару (Windows)
1. Принтеріңізге арналған Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосулы екенін тексеріңіз.
2. Компьютердің Wi-Fi байланысын қосыңыз. Қосымша ақпаратты компьютерде берілген құжаттан
қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіз Wi-Fi байланысын қолдамайтын болса, Wi-Fi Direct мүмкіндігін
пайдалану мүмкін емес.
3. Компьютерден жаңа желіге қосылыңыз. Әдетте жаңа сымсыз желі немесе қол жеткізу нүктесіне
қосылу үшін пайдаланылатын процесті пайдаланыңыз. DIRECT-**-HP PageWide XXXX ретінде
20 2-тарау Өнімді жалғау KKWW