HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Сұралған кезде Wireless - Connect the printer to your wireless network and internet (Сымсыз -
Принтерді сымсыз желіге және интернетке қосу) тармағын таңдап, Келесі түймесін басыңыз.
5. Қолжетімді принтерлер тізімінен дұрыс IP мекенжайы бар принтерді таңдаңыз.
Принтердің бағдарламалық құралын ашу (Windows)
Операциялық жүйеге байланысты принтер бағдарламалық құралы құралын былай ашуға болады:
●
Windows 10: Компьютердің жұмыс үстелінен Start (Бастау) түймесін басып, All apps (Барлық
бағдарламалар) тармағын таңдаңыз да, НР түймесін басып, принтер қалтасын таңдап, принтер
атауы бар белгішені таңдаңыз.
●
Windows 8.1: Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып, принтер
атауын таңдаңыз.
●
Windows 8: Бастау терезесіндегі бос орынды тінтуірдің оң жағымен басып, бардарламалар
жолағындағы Барлық бағдарламалар түймесін басып, принтер атауын таңдаңыз.
●
Windows XP, Windows Vista және Windows 7: Компьютердің жұмыс үстелінен Пуск (Бастау)
түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар) тармағын таңдап, НР түймесін басыңыз,
содан соң принтерге арналған қалтаны басып, принтер атауы бар белгішені таңдаңыз.
Желі параметрлерін басқару
●
Желі параметрлерін қарау немесе өзгерту
●
Өнімнің құпия сөзін орнату немесе өзгерту
●
Басқару тақтасынан TCP/IP параметрлерін қолмен конфигурациялау
●
Байланыс жылдамдығы мен дуплекс параметрлері
Желі параметрлерін қарау немесе өзгерту
IP мекенжайын конфигурациялау параметрлерін көру немесе өзгерту үшін HP ендірілген веб-серверін
пайдаланыңыз.
1. Өнімнің IP мекенжайын алу (басқару тақтасының құралдарында [Ethernet] түймесін түртіңіз).
2. HP ендірілген веб-серверін ашу үшін IP мекенжайын веб-шолғыштың мекенжай жолағына
теріңіз.
3. Желі жөніндегі ақпаратты алу үшін Network (Желі) қойындысын нұқыңыз. Сіз параметрлерді
қалауыңыз бойынша өзгерте аласыз.
Өнімнің құпия сөзін орнату немесе өзгерту
Енгізілген НР веб-серверін пайдаланып құпия сөзді орнатыңыз немесе желідегі өнімнің бұрыннан бар
құпия сөзін өзгертіңіз, осылай өкілетті емес пайдаланушылар құрал параметрлерін өзгерте алмайды.
ЕСКЕРТПЕ: Өнім құпия сөзін қорғау туралы ақпаратты HP secure printing (НР қауіпсіз басып шығару)
веб-сайтындағы Ең жақсы қауіпсіздік тәжірибелерін қараңыз.
22 2-тарау Өнімді жалғау KKWW










