HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide

1. Өнімнің IP мекенжайын алу (басқару тақтасының құралдарында [Ethernet] түймесін түртіңіз).
2. Шолғыштың мекенжай жолағына өнімнің IP мекенжайын теріңіз. Settings (Параметрлер)
қойындысын нұқып, Security (Қауіпсіздік) түймесін басыңыз да, General Security (Жалпы
қауіпсіздік) сілтемесін нұқыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер кілтсөз алдын ала орнатылған болса, сізге кілтсөзді теру ұсынылады. Құпия
сөзбен бірге келетін пайдаланушы аты үшін «әкімші» деп теріп, Apply (Қолдану) түймесін
басыңыз.
3. Password (Құпия сөз) өрісіне және Conrm Password (Құпия сөзді растау) өрісіне жаңа құпия сөзді
теріңіз.
4. Терезенің төменгі жағында құпия сөзді сақтау үшін Apply (Қолдану) түймесін басыңыз.
Басқару тақтасынан TCP/IP параметрлерін қолмен конфигурациялау
IPv4 мекенжайын, бағыныңқы желі маскасын және әдепкі шлюзді қолмен орнату үшін басқару
тақтасының мәзірлерін қолданыңыз.
1. Басқару тақтасының құралдарын ашыңыз (кез келген экранның жоғарғы жағындағы құралдар
қойындысын сырғытыңыз немесе басты экранның жоғарғы жағындағы жолақты түртіңіз).
2. Басқару тақтасының құралдарында (Setup (Орнату)) түймесін түртіңіз.
3. Экранда Network Setupеліні орнату) түймесін, одан кейін мына түймелердің бірін түртіңіз:
Ethernet Settings (Ethernet параметрлері) (сымды желі үшін)
Wireless Settings (Сымсыз параметрлер) (сымсыз желі үшін)
4. Advanced Settings (Қосымша параметрлер) түймесін, одан кейін IP Settings (IP параметрлері)
түймесін түртіңіз.
5. Manual (Қолмен) түймесін, одан кейін IP Address (IP мекенжайы) түймесін түртіңіз.
6. Сандық пернетақтаны қолданып мынаны орындаңыз:
а. IP мекенжайын енгізіп, Дайын түймесін түртіңіз.
ә. Бағыныңқы желі маскасын енгізіп, Дайын түймесін түртіңіз.
б. Әдепкі шлюзді енгізіп, Дайын түймесін түртіңіз.
7. Apply (Қолдану) түймесін түртіңіз.
Байланыс жылдамдығы мен дуплекс параметрлері
ЕСКЕРТПЕ: Бұл ақпарат тек Ethernet (сымды) желілеріне ғана қатысты. Оның сымсыз желілерге
қатысы жоқ.
Басып шығару серверінің қосылу жылдамдығы мен байланыс режимі желі хабына сәйкес келу керек.
Көптеген жағдайлар үшін өнімді автоматты режимде қалдырыңыз. Қосылу жылдамдығы мен
дуплексті параметрлер үшін дұрыс емес өзгертулер өнімнің басқа желі құрылғыларымен
байланысуына кедергі келтіруі мүмкін. Өзгертулерді жасау қажет болса, принтердің басқару тақтасын
қолданыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Осы параметрлерге өзгерістер енгізу өнімнің өшірілуін және одан кейін қосылуын
туғызады. Өнім енжар болғанда ғана өзгертулер жасаңыз.
KKWW Желі параметрлерін басқару 23