HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide
Дүкен қойындысы
НР жабдықтарын желіде сатып алу үшін Shop (Дүкен) қойындысын пайдаланыңыз.
Анықтама қойындысы
Желідегі анықтама және HP Eco шешімдері сияқты ресурстарға қол жеткізу үшін Help (Анықтама)
қойындысын пайдаланыңыз.
Құралдар қойындысы
Принтердің драйвері мен бағдарламалық құралын орнату және қолдану және басып шығару,
сканерлеу және байланысу ақаулықтарын диагностикалау және шешу үшін Tools (Құралдар)
қойындысын пайдаланыңыз.
Анықталған деңгейлер қойындысы
Картридж деңгейлерін қарау және қажет болса, жаңа картридждерге тапсырыс беру үшін Estimated
Levels (Анықталған деңгейлер) қойындысын пайдаланыңыз.
HP утилитасы (OS X)
HP қызметтік бағдарламасы принтер параметрлерін реттейтін, принтерді реттейтін, желіде
жабдықтарға тапсырыс жасайтын және веб-тораптың қолдау көрсететін мәліметтерін табатын
құралдарды қамтиды.
ЕСКЕРТПЕ:
●
НР қызметтік бағдарламаларында қол жетімді мүмкіндіктер таңдалған принтерге байланысты
әртүрлі болады.
●
Картридж деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана
анықтауларды береді. Картридждің аз қалғандығы туралы ескерту хабарламасын алған кезде
ықтимал басып шығару кідірістерін болдырмау үшін ауыстыратын картридждің болуын
қарастырыңыз. Басып шығару сапасы ұнамсыз болмайынша картридждерді ауыстырудың қажеті
жоқ.
●
Қауіпсіздік мақсаттары үшін кейбір функциялар әдепкі бойынша ажыратылған. Сканерлемес
бұрын оларды қосу керек
.
●
Әкімші параметрлерінің HP утилитасындағы факс қызметіне әсер етуі мүмкін.
HP қызметтік бағдарламасын ашыңыз
▲
Applications (Қолданбалар) қалтасының HP қалтасында HP Utility (НР қызметтік бағдарламасы)
түймесін екі рет басыңыз.
AirPrint™ (OS X)
Өніміңіз iOS 4.2 және Mac OS X v10.10 немесе кейінірек нұсқасы үшін Apple's AirPrint құралымен басып
шығаруға қолдау көрсетеді. AirPrint мүмкіндігін iPad (iOS 4.2), iPhone (3GS немесе кейінгі) немесе iPod
touch (үшінші буын немесе кейінгі) құрылғыларынан басып шығару үшін пайдаланыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін AirPrint (OS X) құрылғысымен басып шығару бөлімін қараңыз.
34 3-тарау Принтерді басқару және қызметтері KKWW










