HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide

5 Картридждер
HP PageWide картридждері
Картридждерді басқару
Картридждерді ауыстыру
Картридждермен жұмыс істеу туралы кеңестер
HP PageWide картридждері
HP шығармаған картридждерге қатысты HP саясаты
Жасанды HP картридждері
HP шығармаған картридждерге қатысты HP саясаты
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ:
HP компаниясы HP картридждеріндегі HP шығармаған сиялардың сапасына немесе сенімділігіне
кепілдеме бермейді.
HP компаниясы картриджінің кепілдемесі HP шығармаған картридждерді немесе HP шығармаған
сияларды қамтымайды.
HP компаниясының принтер кепілдемесі HP шығармаған картридждердің немесе НР шығармаған
сияны қамтитын картриджердің салдарынан туындайтын жөндеу жұмыстарына немесе қызмет
көрсетуге таралмайды.
ЕСКЕРТПЕ:
Бұл принтер үздіксіз сия жүйелерін пайдалануға арналмаған. Басып шығаруды жалғастыру үшін
үздіксіз сия жүйесін жойып, түпнұсқалық HP (немесе үйлесімді) картридждерін орнатыңыз.
Бұл принтер босағанша пайдаланылатын картридждерге арналған. Қолданудан бұрын
картридждерді қайта толтыру принтерде ақау пайда болуына себеп болуы мүмкін. Бұл орын
алса, басып шығаруды жалғастыру үшін жаңа картридж (түпнұсқалық HP немесе үйлесімді)
салыңыз.
Жасанды HP картридждері
Төмендегі сипаттар байқалса, картридждің түпнұсқа HP картриджі болмауы мүмкін:
Басқару тақтасы немесе принтер күйінің есебі қолданылған немесе жалған картридждің
орнатылғанын көрсетеді.
Тонер картриджін пайдаланғанда түрлі мәселер туындайды.
Картридж ол қалыпты түрдегідей көрінбейді (мысалы, орама HP орамасынан өзгеше).
HP баспа картриджін орнатқан кезде www.hp.com/go/anticounterfeit веб-сайтына кіріңіз және басқару
тақтасындағы хабарламада картридж қолданылған немесе жасанды деп айтылады. HP ақаулықты
шешуге көмектеседі.
KKWW HP PageWide картридждері 57