HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide
Картридждерді басқару
Картридждерді дұрыс сақтау, пайдалану және бақылау қағаздардың жоғары сапамен басып
шығарылуын және картридждердің ұзақ қызмет етуін қамтамасыз етеді.
●
Картридждерді сақтау
●
Жалпы Oice күйімен басып шығару
●
Картридждің пайдалану мерзімі аяқталғанда басып шығару
●
Анықталған картридж деңгейлерін тексеру
●
Картридждерге тапсырыс беру
●
Картридждерді қайта пайдалану
Картридждерді сақтау
●
Картриджді пайдаланғанға дейін қаптамасынан шығармаңыз.
●
Оларды қолданбас бұрын картридждерді кемінде 12 сағат бойына бөлме температурасында
(15-35° C немесе 59-95° F) сақтаңыз.
●
Картридждарды мұқият ұстаңыз. Орнату кезінде түсіріп алу, сілку немесе оған немқұрайлы қарау
уақытша басып шығару ақауларын туғызуы мүмкін.
Жалпы Oice күйімен басып шығару
Жалпы Oice режимі басып шығару сияны аз пайдаланады, бұл картридждің қызмет ету мерзімін
ұзартуы мүмкін.
1. Бағдарламадағы File (Файл) мәзірінен Print (Басып шығару) пәрменін таңдаңыз.
2. Принтердің таңдалғанын тексеріңіз.
3. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:
●
Windows: Сипаттар диалогтық терезесін ашатын сілтемені немесе түймені басыңыз.
Бағдарламалық құралға байланысты бұл сілтеме немесе түйме Сипаттар , Options
(Параметрлер), Printer Setup (Принтерді орнату), Printer Properties (Принтер сипаттары),
Printer (Принтер) немесе Set Preferences (Басымдықтарды орнату) деп аталуы мүмкін.
●
OS X: Қалқымалы мәзірден Copies & Pages (Көшірмелер мен беттер) тармағын таңдаңыз.
4. Paper/Quality (Қағаз/Сапа) қойындысын басыңыз.
5. Print Quality (Баспа сапасы) ашылмалы мәзірінен (Windows) немесе қалқыма мәзірінен (OS X)
General Oice (Жалпы кеңсе) түймесін басыңыз.
Картридждің пайдалану мерзімі аяқталғанда басып шығару
Жабдыққа қатысты хабарландырулар принтердің басқару тақтасында хабарланады.
58 5-тарау Картридждер KKWW










