HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide
(OS X) Өнімнің бағдарламалық құралынан картридж деңгейлерін тексеру
1. HP Utility (НР утилитасын) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP қызметтік бағдарламасын
ашыңыз бөлімін қараңыз.
2. Принтердің таңдалғанын тексеріңіз.
3. Жабдықтар күйі түймешігін басыңыз.
Анықталған картридж деңгейлері шығады.
Картридждерге тапсырыс беру
Картридждерге тапсырыс беру үшін www.hp.com веб-сайтына кіріңіз. (Қазіргі уақытта HP веб-
сайтының кейбір бөлігі тек қана ағылшын тілінде қол жетімді.) Барлық елдерде/аймақтарда
картридждерге желіде тапсырыс беруге қолдау көрсетілмейді. Дегенмен, көптеген елдерде телефон
арқылы тапсырыс беріп, жергілікті дүкендерге орналастыру және сатып алу тізімін басып шығару
туралы мәліметтер бар. Оған қоса, HP өнімдерін еліңізде сатып алу туралы ақпарат алу үшін
www.hp.com/buy/supplies веб-сайтына кіруге болады.
Ауыстырылатын картриджбен бірдей нөмірлі картриджді ғана ауыстырылатын картридж есебінде
қолданыңыз. Картридж нөмірін келесі орындардан табуға болады:
●
Ауыстырылатын картриджінің жапсырмасында.
●
Принтердің ішіндегі жапсырмада. Жапсырманы табу үшін картриджге қол жеткізу қақпағын
ашыңыз.
●
Принтердің бағдарламалық құралында НР принтерінің көмекші құралын ашып, Shop (Дүкен)
тармағын таңдаңыз да, Shop For Supplies Online (Желідегі жабдықтарға арналған дүкен) түймесін
басыңыз.
●
НР ендірілген веб-серверінде Tools (Құралдар) қойындысын басып, Product Information (Өнім
туралы мәліметтер) тармағының астында Supply Status (Жабдық күйі) түймесін басыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін HP Embedded Web Server бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтермен бірге берілетін ОРНАТУ картриджін бөлек сатып алуға болмайды.
Картридждерді қайта пайдалану
Қайта өңдеу бойынша және поштамен жіберу төлемінің жапсырмалары, хатқалталар және қайта
өңдеуге арналған қораптар туралы толық ақпарат алу үшін http://hp.com/recycle веб-сайтына кіріңіз.
Картридждерді ауыстыру
Өнім төрт түсті пайдаланады және әр түс үшін әр түрлі картридж болады: сары (Y), қызыл (М), көгілдір
(C) және қара (K).
ЕСКЕРТУ:
●
Басып шығару сапасы ақауларының алдын алу үшін, HP кез келген жоқ картридждерді
мүмкіндігінше жылдам түпнұсқа HP картридждерімен ауыстыруды ұсынады. Қосымша ақпарат
алу үшін Картридждерге тапсырыс беру бөлімін қараңыз.
●
Картридждер жоқ болса, принтерді өшіруге болмайды.
1. Картридж есігін ашыңыз.
60 5-тарау Картридждер KKWW










