HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide
—
Барлық картридж ұялары толтырылғанына көз жеткізіңіз.
●
Басып шығару сапасы ұнамаған жағдайда, қосымша ақпарат алу үшін Басып шығару сапасын
жақсарту бөлімін қараңыз.
●
Егер қандай да бір себепке байланысты картриджді принтерден шығарған болсаңыз, оны
мүмкіндігінше тез қайта қоюға тырысыңыз.
●
Оларды орнатуға дайын болмайынша оралмаған картридждерді ашпаңыз.
●
Картридждерді сәйкес ұяларына салыңыз. Әр картридждің түсін және белгішесін әр ұяның түсі
мен белгішесіне сәйкестендіріңіз. Барлық картридждердің орнына түсуін тексеріңіз.
●
Жабдықтың жеткілікті екеніне көз жеткізу үшін анықталған картридж деңгейлерін тексеріңіз.
Жабдық деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана
анықтауларды береді.
Қосымша ақпарат алу үшін Анықталған картридж деңгейлерін тексеру бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Картридждің аз қалғандығы туралы ескерту хабарламасын алған кезде ықтимал
басып шығару кідірістерін болдырмау үшін ауыстыратын картридждің болуын қарастырыңыз.
Сұралмайынша картридждерді ауыстырудың қажеті жоқ.
●
Басып шығару механизмін шамадан тыс тазартпаңыз. Бұл картридждерді қолдану мерзімін
қысқартады.
●
Принтерді тасымалдап жатқан болсаңыз, принтерден ағуының және төнуі мүмкін басқа
зақымдардың алдын алу үшін келесі әрекетті орындаңыз:
—
Алдындағы қуат түймесін басу арқылы принтерді өшіргеніңізді тексеріңіз. Принтерді
өшіруден бұрын ішкі қозғалыстар дыбысы тоқтағанша күте тұрыңыз.
—
Картридждерді орнатылған күйде қалдырғаныңызды тексеріңіз.
—
Принтерді тегіс орнатылған күйде тасымалдау қажет; ол бүйіріне, артқы, алдыңғы немесе
жоғары жағына орналастырылмауы қажет.
—
Зақымдалудың алдын алу үшін картридждерді орнатқан соң, принтерді жоғары қаратып
салыңыз. Картридждері орнатылған соң, принтерді әуе жолы арқылы тасымалдамаңыз.
KKWW Картридждермен жұмыс істеу туралы кеңестер 63










