HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide
Басып шығару таңбашаларын орнату (Windows)
1. Бағдарламадағы File (Файл) мәзірінен Print (Басып шығару) пәрменін таңдаңыз.
2. Сипаттар диалогтық терезесін ашатын сілтемені немесе түймені басыңыз.
Бағдарламалық құралға байланысты бұл сілтеме немесе түйме Сипаттар , Options (Параметрлер),
Printer Setup (Принтерді орнату), Printer Properties (Принтер сипаттары), Printer (Принтер) немесе
Set Preferences (Басымдықтарды орнату) деп аталуы мүмкін.
3. Printing Shortcuts (Басып шығару таңбашалары) қойындысын нұқыңыз.
4. Негіз ретінде бар таңбашаны таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Экранның оң жағында параметрлердің кез келгенін реттемес бұрын әрқашан
таңбашаны таңдаңыз. Параметрлерді реттейтін және одан кейін таңбашаны таңдайтын
болсаңыз, барлық реттеулер жоғалады.
5. Басып шығару таңбашасы үшін басып шығару параметрлерін таңдаңыз.
6. Save As (Басқаша сақтау) түймесін басыңыз.
7. Таңбаша үшін атауды енгізіп, OK түймесін басыңыз.
Басып шығару алдын ала орнатылымдарын орнату (OS X)
1. Бағдарламадағы File (Файл) мәзірінен Print (Басып шығару) пәрменін таңдаңыз.
2. Принтердің таңдалғанын тексеріңіз.
3. Presets (Алдын ала орнатылымдар) ашылмалы мәзірінен Default Settings (Әдепкі параметрлер)
тармағын таңдаңыз.
4. Save Current Settings as Preset (Ағымдағы параметрлерді алдын ала орнатылым ретінде сақтау)
түймесін басыңыз.
5. Алдын ала орнатылымға сипаттама атауын енгізіп, оны Only this printer (Тек осы принтер) немесе
All printers (Барлық принтерлер) үшін сақтаңыз.
Түстерді реттеу немесе басқару
Принтер драйвері бағдарламалық құралынан параметрлерді өзгерту арқылы өнімге арналған басып
шығарылатын қағаздың түсін реттеңіз.
●
Басып шығару тапсырмасы үшін алдын ала орнатылған түс тақырыбын таңдау
●
Басып шығару тапсырмасынан түс параметрлерін қолмен реттеу
●
Түстерді компьютер экранымен сәйкестендіріңіз
●
Түсті басып шығару қатынасын басқару
Басып шығару тапсырмасы үшін алдын ала орнатылған түс тақырыбын таңдау
1. Бағдарламадағы File (Файл) мәзірінен Print (Басып шығару) пәрменін таңдаңыз.
2. Принтердің таңдалғанын тексеріңіз.
3. Сипаттар диалогтық терезесін ашатын сілтемені немесе түймені басыңыз.
Бағдарламалық құралға байланысты бұл сілтеме немесе түйме Сипаттар , Options (Параметрлер),
Printer Setup (Принтерді орнату), Printer Properties (Принтер сипаттары), Printer (Принтер) немесе
Set Preferences (Басымдықтарды орнату) деп аталуы мүмкін.
68 6-тарау Басып шығару KKWW










