HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide
Басқару тақтасынан басып шығару
●
Тапсырманы сақтау орнын қолданып басып шығару
●
USB құрылғысынан басып шығару
Тапсырманы сақтау орнын қолданып басып шығару
Сіз немесе басқалары кейінірек басып шығара алатындай өнімде тапсырмаларды жасауға және
сақтауға болады. Принтер жадын сақтау немесе жабық мәліметтерді қорғау үшін өнімнен сақталған
тапсырмаларды жоюға болады.
●
Тапсырманы сақтауды ажырату немесе қосу үшін
●
Тапсырманы сақтауды бір немесе барлық басып шығару тапсырмаларына қолдану
●
Сақталған тапсырманы принтерде басып шығару
●
Принтерде сақталған тапсырманы жою
Тапсырманы сақтауды ажырату немесе қосу үшін
Тапсырманы сақтау әдепкі бойынша қосылады. Оны қажетінше принтердің бағдарламалық
құралында ажыратуға немесе қайта қосуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Принтердің бағдарламалық құралында тапсырманы сақтауды қайта қосуға болмас
бұрын, оны алдымен HP ендірілген веб-сервер тармағында қосу керек (Security (Қауіпсіздік)
тармағының астындағы Settings (Параметрлер) қойындысында Protect Stored Data (Сақталған
деректерді қорғау) түймесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз). EWS серверін пайдалану
туралы қосымша ақпаратты HP Embedded Web Server бөлімінен қараңыз.
●
Тапсырманы сақтауды ажырату немесе қосу (Windows)
●
Тапсырманы сақтауды ажырату немесе қосу (OS X)
Тапсырманы сақтауды ажырату немесе қосу (Windows)
1. Start (Бастау) түймешігін басып, операциялық жүйеге байланысты келесі әрекеттердің бірін
орындаңыз:
●
Windows 10: Settings (Параметрлер) түймесін басып, Devices(Құрылғылар) қойындысын
басыңыз да, Printers and Scanners (Принтерлер мен сканерлер) параметрін таңдаңыз.
●
Windows 8, 8.1: Control Panel (Басқару тақтасы), Hardware and Sound (Аппараттық құрал
және дыбыс) және одан кейін Devices and Printers (Құрылғылар мен принтерлер) түймелерін
басыңыз.
●
Windows 7: Devices and Printers (Құрылғылар мен принтерлер) түймесін басыңыз.
2. Принтерді тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, Properties (Сипаттар) немесе Printer properties
(Принтер сипаттары) тармақтарын таңдаңыз.
3. Принтер сипаттары терезесінде Device Settings (Құрылғы параметрлері) қойындысын нұқыңыз.
4. Job Storage (Тапсырманы сақтау) ашылмалы тізімінде мүмкіндікті өшіру үшін Disable (Ажырату)
түймесін, одан кейін оны қосу үшін Automatic (Автоматты) түймесін басыңыз.
5. Apply (Қолдану) түймесін басып, OK түймесін басыңыз.
KKWW Басқару тақтасынан басып шығару 71










