HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide
NFC құрылғысымен басып шығару
Near Field Communications (NFC) мүмкіндігімен смартфоннан немесе планшеттен өнімге жүріп барып
баруға және одан басып шығаруға болады.
▲
NFC мүмкіндігін басып шығару үшін басқару тақтасында (NFC) параметрін таңдап, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
AirPrint (OS X) құрылғысымен басып шығару
Apple компаниясының AirPrint мүмкіндігі арқылы басып шығару iPad (iOS 4.2), iPhone (3GS немесе
кейінгі), iPod touch (үшінші шығарылым немесе кейінгі) және Mac (OS X v10.10 немесе кейінгі) үшін
қолданылады.
AirPrint мүмкіндігін пайдалану үшін келесіні тексеріңіз:
●
Принтер мен Apple құрылғысы AirPrint қосылған құрылғымен бірдей желіге қосылады. Қосымша
ақпарат алу үшін www.hp.com/go/mobileprinting бөлімін қараңыз. Егер бұл веб-сайттың жергілікті
нұсқасы аймағыңызда қол жетімді емес болса, басқа елдегі/аймақтағы немесе тілдегі HP
мобильді басып шығару веб-сайтына бағытталуыңыз мүмкін.
●
Принетрдің қағаз параметрлеріне сәйкес келетін қағазды салыңыз.
AirPrint қызметін қайта қосу үшін
AirPrint әдепкі бойынша қосылады. Ол ажыратылған болса, оны қайтадан қосу үшін келесі
нұсқауларды пайдалануға болады.
1. Енгізілген веб-серверді (EWS) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Ендірілген веб-серверді (ЕВС)
ашу бөлімін қараңыз.
2. Network (Желі) қойындысында AirPrint, одан кейін Status (Күй) тармақтарын таңдаңыз.
3. AirPrint Status (AirPrint күйі) жолында Turn On AirPrint (AirPrint күйін қосу) түймесін басыңыз.
Дұрыс басып шығару туралы кеңестер
Принтер драйверінде таңдалған бағдарламалық құрал параметрлері тек басып шығару үшін ғана
қолданылады. Олар көшіруге немесе сканерлеуге қолданылмайды.
●
Картридж бойынша кеңестер
●
Қағаз салу кезіндегі кеңестер
●
Принтер параметрлері туралы кеңестер (Windows)
●
Принтер параметрлері туралы кеңестер (OS X)
Картридж бойынша кеңестер
Картридждермен жұмыс істеу туралы кеңестер бөлімін қараңыз.
Қағаз салу кезіндегі кеңестер
Қағазды таңдауға және пайдалануға арналған кеңестер бөлімін қараңыз.
KKWW NFC құрылғысымен басып шығару 77










