HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide
Принтер параметрлері туралы кеңестер (Windows)
●
Әдепкі басып шығару параметрлерін өзгерту үшін мына әрекеттердің бірін орындаңыз:
—
HP принтер көмекшісінде Басып шығару, сканерлеу және факс түймесін басып, Set
Preferences (Басымдықтарды орнату) тармағын таңдаңыз.
—
Бағдарламадағы File (Файл) мәзірінен Print (Басып шығару) пәрменін таңдаңыз. Printer
Properties (Принтер сипаттары) диалогтық терезесін ашыңыз.
●
Принтер драйверінің Color (Түс) немесе Finishing (Аяқтау) қойындысында қажет болса келесі
параметрлерді орнатыңыз:
—
Print in Grayscale (Сұр реңкте басып шығару): Тек қара картриджді пайдалану арқылы қара-
ақ түсті құжатты басып шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол құжаттарды түсті
картридждерді қолданатын жоғары сапалы сұр реңкте басып шығаруға мүмкіндік береді.
Black Only (Тек қара) немесе High Quality CMYK Grayscale (Жоғары сапалы CMYK сұр реңк)
параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз.
—
Pages per sheet (Бар параққа арналған қағаздар): Бір парақта құжаттың бірнеше бетін басып
шығарсаңыз, беттер ретін көрсетуге көмектеседі.
—
Flip pages up (Беттерді жоғары аудару): Қағаз бағытына байланысты беттерді қысқа шеті
біріктірілетін (мысалы, күнтізбелер) немесе ұзын шеті біріктірілетін (мысалы, кітаптар) етіп
аударуға болады.
—
Booklet Layout (Кітапша орналасуы): Бірнеше беттік құжатты кітапша ретінде басып
шығаруға мүмкіндік береді. Парақтың бір бетінде екі бетті орналастырады, кейінірек беттің
ортасы бойынша кітапша ретінде бүктеуге болады. Түптеу әдісін ашылмалы тізімнен
таңдаңыз, содан кейін OK түймесін басыңыз:
○
Left binding (Сол жаққа байланыстыру): Түптелетін шеті кітапша ретінде бүктелгенде
сол жақта пайда болады. Солдан оңға қарай оқитын болсаңыз, осы опцияны таңдаңыз.
○
Right binding (Оң жаққа байланыстыру): Түптелетін шеті кітапша ретінде бүктелгенде
оң жақта пайда болады. Оңнан солға қарай оқитын болсаңыз, осы опцияны таңдаңыз.
—
Print page borders (Басып шығару жиектері): Бір парақта құжаттың бірнеше бетін басып
шығарсаңыз, беттерге жиектерді қосуға мүмкіндік береді.
●
Басып шығару параметрлерін орнату кезінде уақытты үнемдеу үшін басы шығару таңбашаларын
пайдалануға болады.
Принтер параметрлері туралы кеңестер (OS X)
●
Бағдарламалық құрал бағдарламасында принтерде дұрыс қағаз өлшемі салынғанын
таңдағаныңызды тексеріңіз:
а. File (Файл) мәзірінен Page Setup (Бет орнатылымы) тармағын таңдаңыз.
ә. Format For (Пішімдеу түрі) тармағында принтеріңіз таңдалғанын тексеріңіз.
б. Қалқымалы мәзірден Paper Size (Қағаз өлшемі) тармағын таңдаңыз.
●
Бағдарламалық құрал бағдарламасында принтерге салынған дұрыс қағаз түрі мен сапасы
таңдалғанын тексеріңіз:
78 6-тарау Басып шығару KKWW










