HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide
5. Tray Selection (Науаны таңдау) түймесін түртіңіз.
6. 1-қадамда қағаз жүктелген науаны таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: 1-науаны таңдасаңыз және ол Any Size (Кез келген өлшем) және Any Type (Кез келген түр)
параметріне орнатылған болса, сол науа үшін дұрыс баспа құралы өлшемі таңдалғанын тексеріңіз.
Көшірмелерді кішірейту немесе үлкейту
1. Түпнұсқаның басып шығарылатын бетін сканердің әйнегіне төмен қаратып немесе құжатты
автоматты беру құрылғысына жоғары қаратып салыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Сканерге салу немесе Құжат беру құрылғысына салу бөлімін қараңыз.
2. Басқару тақтасында Copy (Көшіру) белгішесін түртіңіз.
3. Дисплейде Document (Құжат) белгішесін түртіңіз.
4. Copy Settings (Көшіру параметрлері) мәзірін көру үшін Settings (Параметрлер) белгішесін түртіңіз.
5. Resize (Өлшемін өзгерту) түймесін түртіп, өлшемі өзгертілетін мәзір параметрлерінің бірін
таңдаңыз.
Жеке куәліктерді жүктеу және көшіру
Жеке куәліктердің немесе басқа шағын өлшемдегі құжаттардың екі жағын қағаздың бір бетіне көшіру
үшін, осы мүмкіндікті пайдаланыңыз. Өнім бірінші бетті көшіріп, одан кейін сканер әйнегіне екінші
жағын айналдырып қоюды және қайта көшіруді ескертеді. Өнім екі суретті де бір бетте басып
шығарады.
1. Жеке куәлікті сканер әйнегіне салыңыз. Куәлікті сканер әйнегінің артқы сол жағына баспа
материалы белгісін қолданып қойыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Сканерге салу бөлімін қараңыз.
2. Сканер қақпағын жабыңыз.
3. Басқару тақтасында Copy (Көшіру) белгішесін түртіңіз.
4. Дисплейде ID Card (Жеке куәлік) белгішесін түртіңіз.
5. Copy Settings (Көшіру параметрлері) мәзірін көру үшін Settings (Параметрлер) белгішесін түртіңіз.
6. Науаны, көшіру сапасын және ашықтау/күңгірттеу параметрлерін таңдаңыз.
KKWW Көшіру 81










