HP PageWide MFP P77740-60 series - User's Guide

7. Жеке куәліктің бірінші бетін көшіру үшін басқару тақтасындағы ескертулерді орындаңыз,
куәлікті сканер әйнегінде айналдырып, салыңыз және одан кейін жеке куәлікті көшіруді және
басып шығаруды аяқтаңыз.
Фотосуреттерді көшіру
ЕСКЕРТПЕ: Фотосуреттерді құжат беру құралынан емес, сканер әйнегінен көшіріңіз.
1. Фотосуретті сканер әйнегіне салып, суретті әйнектің жоғарғы сол жақ бұрышына сырғытып,
сканер қақпағын жабыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Сканерге салу бөлімін қараңыз.
2. Басқару тақтасында Copy (Көшіру) белгішесін, одан кейін Document (Құжат) белгішесін түртіңіз.
3. Settings (Параметрлер) түймесін түртіп, Enhancement (Жақсарту) тармағы Mixed (Аралас) (әдепкі
параметр) параметріне орнатылғанын тексеріп, қажетінше Color/Blackүрлі-түсті/Қара)
тармағына орнатыңыз.
4. Өнім үлгісіне байланысты Copy (Көшіру) немесе (Back (Қара)) түймесін, одан кейін Copy (Көшіру)
түймесін түртіңіз.
Аралас өлшемдегі түпнұсқаларды жүктеу және көшіру
Аралас өлшемдегі түпнұсқалардың көшірмесін жасау үшін сканер әйнегін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Беттер жалпы өлшемді ортақ пайдаланатын болса, аралас өлшемдегі түпнұсқаларды
көшіру үшін құжат беру құрылғысын пайдалануға болады. Мысалы, ендері бірдей болғандықтан, хат
және заңды құжат өлшеміндегі беттерді біріктіруге болады. Беттерді жоғарғы шеттерін бір-бірімен
туралап салыңыз, сонда олардың ендері бірдей, ал ұзындықтары әр түрлі болады.
Көшірілген аймақтың өлшемі принтер арқылы анықталған алғашқы баспа құраыл өлшеміне
негізделеді.
1. Науаға түпнұсқалы құжаттағы ең үлкен бетке сай үлкен болатын қағазды салыңыз.
2. Түпнұсқа құжаттың бір бетін сканер әйнегіне төмен қаратып салыңыз. Құжатты салу үшін,
әйнектің артқы сол жағындағы баспа материалы белгісін пайдаланыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Сканерге салу бөлімін қараңыз.
3. Басқару тақтасында Copy (Көшіру) белгішесін түртіңіз.
82 7-тарау Көшіру және сканерлеу KKWW