HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide

3. Келесі параметрлердің біреуін түртіңіз:
1 жақты (әдепкі)
2 жақты
4. Сақтау түймешігін түртіңіз.
Қағаз науасын орнату
Қағаз науасы параметрінде факстарды басып шығару үшін қағаз алынатын өнімнің қағаз
науасы таңдалады.
1. Басты экранда Басқару түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Факс параметрлері
Факс қабылдау параметрлері
Әдепкі тапсырма параметрлері
Қағазды таңдау
3. Қабылданған факстар үшін пайдаланылатын науа атауын түртіңіз.
4. Қағаз науасын таңдау мәнін сақтау үшін Сақтау түймесін басыңыз.
Факсты мұрағаттау және қайта жіберу
Бүкіл кіріс факстардың, бүкіл шығыс факстардың мұрағаттық көшірмелерін немесе екеуін де
көрсетілген электрондық пошта мекенжайына сақтау үшін факстарды мұрағаттау мүмкіндігін
пайдаланыңыз.
Бүкіл қабылданған факстарды, бүкіл шығыс факстарды немесе екеуін де басқа факс нөміріне
қайта бағыттау үшін факстарды қайта бағыттау мүмкіндігін пайдаланыңыз. Факсты қайта
бағыттау қосулы кезде, қабылдайтын өнім факсты басып шығарады (егер факсты басып
шығару ажыратылған болса, факс басып шығару қосылғанда басып шығарылады), сондай-ақ,
факсты факстарды қайта бағыттау нөміріне қайта бағыттайды.
Осы мүмкіндіктерді қосу және теңшеу үшін HP ендірілген веб-серверін пайдаланыңыз.
Факсты мұрағаттауды қосу
1. Веб-шолғышты ашыңыз да, мекенжай жолына өнімнің IP мекенжайын енгізіңіз.
2. HP ендірілген веб-сервері ашылғанда, Факс қойындысын басыңыз.
3. Fax Archive and Forwarding (Факстарды мұрағаттау және қайта бағыттау) сілтемесін
басыңыз.
4. Факстарды мұрағаттау аймағында Факстарды мұрағаттау ашылмалы тізімінде параметрді
таңдаңыз.
112 Бап 3 HP Color LaserJet CM 4540 MFP сериясы, HP Color LaserJet Enterprise M4555 MFP
сериясы, HP LaserJet Enterprise 500 MFP сериясы, HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP
сериясы және HP LaserJet Enterprise M725 MFP сериясы
KKWW