HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide

3. Міндетті параметрлер түймесін түртіңіз.
4. Күн пішімін таңдаңыз да, күнді енгізіңіз.
5. Уақыт пішімін таңдаңыз да, уақытты енгізіңіз.
6. Параметрлерді қабылдау үшін Сақтау түймесін түртіңіз.
Елді/аймақты орнату, тексеру немесе өзгерту
Ел/аймақ параметрі өнім немесе факс жабдығы орналасқан елді/аймақты анықтайды. Сондай-
ақ, бұл параметр күн мен уақыт пішімін және ел/аймақ үшін ең көп жауап беретін қоңыраулар
ауқымын орнатады. Бұл параметр кейбір елдерде/аймақтарда заң бойынша талап
етілетіндіктен, факс жабдығы жұмыс істеуі үшін оны орнату керек. Егер бұл өнімді бірінші рет
қосуыңыз болса, сізден осы ақпарат сұралады.
1. «Басқару» мәзірін ашу үшін басқару тақтасында Басқару белгішесіне жылжып, оны
түртіңіз.
2. Параметрлерді орнату мәзірін көрсету үшін Бастапқы параметрлерді орнату түймесіне
жылжып, оны түртіңіз.
3. «Факс параметрлерін орнату» мәзірін көрсету үшін Факс параметрлері түймесін және
Міндетті параметрлер түймесін түртіңіз.
4. Елдердің/аймақтардың тізімін көрсету үшін Ел/аймақ түймесін түртіңіз.
5. Сіздің ел/аймақ көрсетілгенше тізімде жылжып, содан кейін таңдау үшін елді/аймақты
түртіңіз.
6. Параметрлерді сақтау үшін Сақтау түймесін түртіңіз.
Факс тақырыбын орнату
Факс тақырыбы параметрі телефон нөмірін және факс тақырыбында орналастырылатын
компания атауын орнату үшін пайдаланылады. Бұл ақпарат міндетті және ол орнатылуы тиіс.
ЕСКЕРІМ: Егер басқару тақтасындағы факс белгішесі сұр болмаса, бүкіл қажет параметрлер
орнатылғаны.
1. «Басқару» мәзірін ашу үшін басқару тақтасында Басқару белгішесіне жылжып, оны
түртіңіз.
2. «Бастапқы параметрлерді орнату» мәзірін көрсету үшін Бастапқы параметрлерді орнату
түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
3. «Факс параметрлерін орнату» мәзірін көрсету үшін Факс параметрлері түймесін түртіңіз.
4. «Міндетті параметрлер» мәзірін көрсету үшін Міндетті параметрлер түймесін түртіңіз.
5. Тақырып туралы ақпаратты көрсету үшін Факс тақырыбы туралы ақпарат түймесін түртіңіз.
6. «Телефон нөмірі» экранын көрсету үшін Телефон нөмірі түймесін түртіңіз.
7. Пернетақтаны көрсету үшін мәтін ұясын түртіңіз.
KKWW
Міндетті факс параметрлері
13