HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide
Хабарландыру
Хабарландыруда шығыс факстың күйі туралы хабарландыру уақыты және жолы таңдалады.
Бұл параметр тек ағымдағы факсқа қолданылады. Параметрді тұрақты түрде өзгерту үшін
әдепкі параметрді өзгертіңіз.
1. Басты экранда «Басқару» белгішесін түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
Факс параметрлері
●
Факс жіберу параметрлері
●
Әдепкі тапсырма параметрлері
●
Хабарландыру
3. Келесі хабарландыру параметрлерінің біреуін түртіңіз:
●
Хабарламау (әдепкі)
●
Тапсырма аяқталғанда хабарлау
●
Тек тапсырма орындалмағанда хабарлау
4. Басып шығарылған хабарландыруды қабылдау үшін Электрондық пошта параметрін
түртіңіз немесе электрондық пошта хабарландыруын қабылдау үшін Басып шығару
параметрін түртіңіз.
5. Егер Басып шығару параметрін таңдасаңыз, хабарландыру параметрлерін орнатуды
орындау үшін Сақтау түймесін түртіңіз.
–немесе–
Егер Электрондық пошта параметрін таңдасаңыз, пернетақтаны пайдаланып электрондық
пошта мекенжайын теріңіз. Содан кейін хабарландыру параметрлерін орнатуды аяқтау
үшін OK түймесін түртіңіз.
6. Хабарландырулармен бірге нобай суретті қосу үшін Пиктограмма қосу құсбелгісін түртіңіз.
Мазмұнның бағдары
Факс мазмұнының беттегі бағдарын орнату үшін мазмұн бағдары мүмкіндігін пайдаланыңыз. 1–
жақты беттер үшін кітаптық (қысқа жиек жоғарғы жақта, әдепкі параметр) немесе альбомдық
(ұзын жиегі жоғарғы жақта) бағдарды таңдаңыз. 2–жақты беттер үшін кітап мәнерін (қы
сқ
а жиек
жоғарғы жақта) немесе аудару мәнерін (ұзын жиегі жоғарғы жақта) таңдаңыз.
1. Басты экранда Басқару түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
Факс параметрлері
●
Факс жіберу параметрлері
26 Бап 2 HP Color LaserJet CM3530 MFP сериясы KKWW










